2-бөлім 7-тапсырма. Сөз мәнін зерделейік! Терминдер сөздігін пайдаланып, мәтіндегі тірек сөздер мен терминдерге анықтама беріңдер. Түсіндірмесі Терминдер экономикалық жаһандану мәдени жаһандану саяси жаһандану әлеуметтік әділеттілік технологиялық революция
1.Сақ патшайымды тап:
а)Клеопатра
ә)Тұмар
б)Геродот
2Көшпелілер немен айналысқан?
а) мал шаруашылығымен
ә) соғыспен
б)шайқаспен
3.Сақ қоғамы неше топқа бөлінді?
а)5
ә)2
б)3
4.Томирис неше жастан асау атқа мінді?
а)7
ә)5
б)6
5.Тұмар патшайым қай ғасырларда өмір сүрген?
а)550-570жж
ә)580-590жж
б)520-570жж
6.Тұмар патшайым кімнің басың кесіп алды?
а)Кир
ә)Дарий
б)Гобри
7Алғашқы Алтын адам қайда табылған?
а) Оралда
ә)Есік қорғанында
б) Атырауда
8.Алтын адам қандай мұражайында сақталған?
а) Астана мұражайында
ә)Орал мұражайында
б) Шолохов мұражайында
9 "Зергерлік бұйымдар" сөз тіркесінің аудармасын тап.
а) золотые украшения
ә)ювелирные украшения
б)старинные украшения
10"Семсер" сөзінің аудармасын тап.
а)нож
ә)стрела
б)меч
«Қар — қыста жауатын, ақ түсті кристалдардан тұратын атмосфералық жауын-шашын».
Ақша қар — жаңа жауған таза қар.
Алақанат қар — бір аумаққа жауып, бір аумаққа жаумай, жерге ала түскен қар.
Анжыр — қардың еріп қатуы. Қарғынға аралас қатқан қарлы мұз.
Боз қырау — күзгі күні тоңазудан болатын щық.
Жапалақ қар — ірі түйіршікті жапырақтап жауған қар.
Жылбысқы қар — ери жауған қар.
Көбік қар — жерге түскенде астыңғы қабаты ери беріп, беті көпіршіген жұмсақ қар.
Күпсек қар — қалың жауған ұлпа қар.
Күртік қар — беті қатқан, жаяу жүргенде ақсақ ойылатын қалың қар.
Қасат қар — ұзақ жатқан қалың қар.
Қиыршық қар — жентектелген түйіршік қар.
Қылау — ауадағы су буынан немесе салқын тұман тамшыларынан түрлі зат бетіне, ағаш бұтақтарына қонатын мұз қабаты.
Қырау — суық күзде тоңазыған дымқыл ауаның бір нәрсеге қар тәрізді ағарып қонған түрі.
Қырбық қар — жұқа жауған қар.
Мұздақ қар — үстін мұз торлаған, көкшіл түсті, беті жылтыр сырғанақ қар.
Омбы қар — ат бауырлайтын қалың қар.
Сонар қар — алғаш жауған қалың қар.
Сүрі қар — ерте түсіп, ерімей, қыс бойы қалыңдаған, тозаң топырақ сіңіп, беті күлгін тартқан нығыз қар.
Сіреу қар — ұзақ мезгіл мызғымай жатқан аяқ бастырмас, көлік жүрісіне бөгеу қатты қалың қар.
Ұлпа қар — түйіршіктері үлбіреген жеңіл үлпек қар.
Үйме қар — боранды жел сырғытып, бір жерге тау-төбе болып үйілген қар.
Үрме қар — жел үрлеп, жиынтықтанған тығыз қар.
Аяздың түрлері
Ақ аяз – жылы ауамен, бумен араласқан, аппақ, будақ-будақ аяз. Көк аяз – құрғақ аяз. Қақаған аяз – бет қаратпайтын қатты аяз. Құрғақ аяз – ылғалсыз, шытынаған, суық аяз. Қызыл шұнақ аяз // шұнақ сары аяз – қатты құрғақ, бет қаритын, шыңылтыр аяз. Қытымыр аяз – қатты, шымшыма аяз. Сақылдаған сары аяз // сақырлаған аяз – қаңтардың аяғы, ақпанның басында болатын сары аяздың күшіне мінген, күшейген кезі, шағы. Сары аяз – а) ұзаққа созылған қатты аяз; ә) ұзақ жылдарға созылған қиыншылық, ауыртпашылық. Түкірік жерге түспейтін аяз – ауа-райының суықтығы соншалық, адамның түкірген түкірігі жерге мұз боп түсетін, өте қатты аяз. Тымырсық аяз – желсіз күнгі шақпа аяз. Үскірік аяз – боранды, желді аяз. Шымшыма аяз – бетті қарып өтетін, шытқыл, шақпа аяз. Шыңылтыр аяз // шаңылтақ аяз // шақпа аяз – құрғақ, қатты аяз. Шытқыл аяз // шытынаған аяз – сақырлаған қатты аяз. Шытымыр аяз – қалың қар түскеннен кейінгі құрғақ, шыңылтыр аяз.