Қазақстанның балалары. Мен Қазақстанның бір баласымын. Бұл мен үшін үлкен мақтаныш. Менің замандастарымда өздерін бақытты санайды деп ойлаймын. Мен өзге ұлт ұрпағымын. Бір кездегі зобалаң заманда Қазақ жерінен пана тапқан ұлттардың біріміз. Мен қазақша таза сөйлеймін. Қазақтың салт-дәстүрлерін жақсы білемін. Себебі, мен ауылда қалың қазақ балаларының арасында өстім. Мектепті биыл бітіремін. Жоғарғы оқу орнында оқуға талаптанудамын. Я, один из Казахстанцев. Я эти горжусь. Думаю, мои сверстники тоже, так считают. Я из другой национальности. Но, разговариваю на казахском. Я вырос в ауле, среди казахских детей. В этом году заканчиваю школу. Собираюсь поступать в ВУЗ.
Қазақтың қазыналы мол мұрасы-
Сыйынған киесіндей домбырасы.
Домбыра күмбірлесе қоңыр сазбен.
Жазылар жүрек дерті, жан жарасы.
Домбыра күніренсе толғаттырар.
Домбыра бебулесе зар қақтырар.
Домбыра тереңдерден тербегенде
Жанында от сезімнен арна ақтырар.
Домбыра сылқылдаса бұлақ болар,
Жыр болып төгілгенде сыр ақтатар.
Бас иіп құдіретіне оның қара тас та,
Әруақтар орнынан бір аунап калар.
Домбыра, тілің сенің- бабамыздай.
Домбыра - шежірешіл атамыздай.
Күй, шіркін, төгілгенде күмбір-күмбір,
Көрінер кәріқұлақ данамыздай…
Ғалым Әріп