Әрбір адам мүмкіндігінше дәрумендерді пайдаланынп тұрғаны дұрыс, маусым арасында адам ағзасы дәрумендерді аса көп қажет етеді. Мүмкіндігінше табиғи дәрумендерді қолданған дұрыс. Табиғи дәрумен дегеніміз – жеміс – жидек, көкөністер. Дегенмен, оларды қолданған кезде де маусымына қарай пісетіндерін қолдану керек. Жеміс-жидек пен көкөністер әрқайсысында өздеріне тән, ерекше дәрумендері болады. Бірінің құрамында С витамині басым болса, енді екіншісі А витаминіне бай, басқасы асқазанға, жүрек жұмысына, ас қорытуға т.б. пайдалы. Біздің үйімізде маусымына байланысты түрлі жеміс тер көкөністер жиі қолданылады.
Әр түрлі көкөністер, жеміс - жидектер мен тағамдардың құрамында өздеріне тән ерекше дәрумендері болады. Маусымарасында ағзамызға дәрумендер жетіспеген уақытта қажетті көкөніс немесе тағамды пайдалану арқылы ағзамызды дәрумендермен байыта аламыз. Сонымен қатар, айта кететін бір жайт - қазақ халқының сүт тағамдары дәрумендерге ерекше бай. Мысалға, ұлттық сусын қымыздың бір литрінде 200-260 мг С дәрумені бар екен. Қымызда сонымен қатар сөл бөлу және жүрек жұмысын жақсартатын В тобындағы В(1), В(2), В(3), оның ішінде қанның жасалуына қатысатын В12 дәрумені және ағзадағы тотығу-тотықсыздану реакцияларына әсер ететін С тобы дәрумендері, сондай-ақ, А тобы дәрумендері кездеседі.
1. Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы- соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ. Ахмет Байтұрсынов. 2. Зәредей шүбә етпейміз, Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына санша жақындармыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар, өнер -білімге қанар, сол күндерде Абай құрметі күннен күнге артылар. Бірінші ақынымыз деп қабірін халқы жиі-жиі зиарат етер, халықпенен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар. Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар. Міржақып Дулатов.
Дәрумендер туралы.
Әрбір адам мүмкіндігінше дәрумендерді пайдаланынп тұрғаны дұрыс, маусым арасында адам ағзасы дәрумендерді аса көп қажет етеді. Мүмкіндігінше табиғи дәрумендерді қолданған дұрыс. Табиғи дәрумен дегеніміз – жеміс – жидек, көкөністер. Дегенмен, оларды қолданған кезде де маусымына қарай пісетіндерін қолдану керек. Жеміс-жидек пен көкөністер әрқайсысында өздеріне тән, ерекше дәрумендері болады. Бірінің құрамында С витамині басым болса, енді екіншісі А витаминіне бай, басқасы асқазанға, жүрек жұмысына, ас қорытуға т.б. пайдалы. Біздің үйімізде маусымына байланысты түрлі жеміс тер көкөністер жиі қолданылады.
Әр түрлі көкөністер, жеміс - жидектер мен тағамдардың құрамында өздеріне тән ерекше дәрумендері болады. Маусымарасында ағзамызға дәрумендер жетіспеген уақытта қажетті көкөніс немесе тағамды пайдалану арқылы ағзамызды дәрумендермен байыта аламыз. Сонымен қатар, айта кететін бір жайт - қазақ халқының сүт тағамдары дәрумендерге ерекше бай. Мысалға, ұлттық сусын қымыздың бір литрінде 200-260 мг С дәрумені бар екен. Қымызда сонымен қатар сөл бөлу және жүрек жұмысын жақсартатын В тобындағы В(1), В(2), В(3), оның ішінде қанның жасалуына қатысатын В12 дәрумені және ағзадағы тотығу-тотықсыздану реакцияларына әсер ететін С тобы дәрумендері, сондай-ақ, А тобы дәрумендері кездеседі.
Ахмет Байтұрсынов.
2. Зәредей шүбә етпейміз, Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына санша жақындармыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар, өнер -білімге қанар, сол күндерде Абай құрметі күннен күнге артылар. Бірінші ақынымыз деп қабірін халқы жиі-жиі зиарат етер, халықпенен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар. Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар.
Міржақып Дулатов.