2. Берілген мәтін бойынша тапсырмаларды орындаңдар. 1. Мәтіндегі тірек сөздерді теріп жазыңдар.
2. Мәтіндегі негізгі ойды жазыңдар.
3. Мәтінге тақырып қойыңдар.
4. Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны тандаңдар.
5. Мәтіндегі маңызды сөйлемді жазыңдар.
Бір патша ең жақсы әрі көркем сөз айтқан адамға 400 динар берем деп жарлық шығарыпты. Келесі күні нөкер- лерімен сапарға шығады. Жолда зәйтүн ағашының көшетін отырғызып жатқан тоқсандағы қарияны жолықтырады. Қа- рияны аяп кетсе керек, оның жанына аялдайды. Патша оған: Мына көшетіңіз жеміс бергенше, жоқ дегенде, жиырма жыл керек. Төріңізден көріңіз жақын қалғанда жемісін көрмейтін іске неге арам тер болып жатсыз?» - дейді. Сонда қария: » «Бұрынғылар еккен ағаштың жемісін біз теріп жеген бола- тынбыз, енді біз еккен ағаштан кейінгілер жемей ме?!» - дей- ді. Патша: «Неткен әдемі сөз!» - дейді де, қарияға 400 динар бергізеді.
Келер жылы «Сарыарқа самалы» газетінің жарыққа шыққанына 85 жыл толады. Осы мерейтойға орай айтайын дегенім, газетке аймағымыздағы әрбір қазақ отбасы тұтас бір жылға жазылса екен деймін. Сонда рухани байлығыңыздан көз жазбайсыз, отбасыңыздағы ұл-қызыңыз да бұл басылымды оқып, пайдасын сезінер еді.
Сөзімнің соңында, «Сарыарқа самалы» газетінің мерейі үстем, мәртебесі биік болсын демекпін.
Ата – ана туралы мақал – мәтелдер.
Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
* * * * *
Жалғыз баласы атқа шапса,
Атасы ауылда тұрып
Тақымын қысады.
* * * * *
Ана жақсылығын,
Ауырсаң білерсің.
Қайын жақсылығын,
Қырырсаң білерсің.
* * * * *
Баланың өзі болғандай,
Келіннің өзі келгендей.
* * * * *
Ата-ананың қадірін
Балалы болғанда білерсің.
Ағайынның қадірін
Жалалы болғанда білерсің.
* * * * *
Ақ шашты ана:
«Жастығым - балам» дейді.
Ақылды бала:
«Ай-күнім - анам» дейді.
* * * * *
Ана алдында – құрмет,
Ата алдында – қызмет.
* * * * *
Малды баққан өсірер,
Баланы тапқан өсірер.
* * * * *
Бала –
Ананың бауыр еті көз нұры.
* * * * *
Мылқаудың тіліне анасы түсінеді.
* * * * *
Бесіктегі баланың
Күлгенін көрген бір мұрат.
Алдынан түсіп ананың
Жүргенін көрген бір мұрат.
* * * * *
Өз кемеріңнен шыққан баланы
Бал сүтіңмен бағарсың.
Бал сүтіңмен бақпасаң,
Қайтіп көңілін табарсың?!
* * * * *
Мейірімі мол ананың –
Жүрегі жылы, қолы кең.
Кең пейілді атаның
Жүзі жылы, жолы кең.
* * * * *
Ақ жаулығы ананың –
Ақ көрпесі баланың.
* * * * *
Ана алақанының аясы –
Ақы шынардың саясы.
* * * * *
Ананың сүті – бал,
Баланың тілі – бал.
* * * * *
Ана сүтін ақтамағанды
Ешкім мақтамайды.
* * * * *
Әкеден – ақыл,
Анадан – мейір.