2-деңгей. Мәтіннің екінші бөліміне ат қойыңдар. Аралас буынды сөздерді тауып, қо- сымша жалғаңдар, қосымша жалғану заңдылығын түсіндіріңдер.
||
Амандық сұрасу
тұрмыста жиі қолданылатын, құлаққа жиі есті-
летін сөздеріміз. Бірақ бұларды талғап, таңдап өз орайында, өз орнында
қолдану қажет. Мысалы, «Сәлеметсіз бе!» деп амандасу үлкен-кішіге,
таныс-бейтанысқа ресми жағдайда да, еркін жағдайда да қолданыла береді.
Ал «Ассалаумағалейкүм!» деп амандасуды жасы үлкен ақсақалдар жөн
санап, ұнатып тұрады. Ал үлкен апалар мен әжелер бір-бірімен «Армы-
сыңдар!», «Аманбысыңдар?», «Қалайсыңдар?» деген секілді амандасу түр-
лерін қолданады.
Бұл қоғамдағы әр алуан топтардың өздеріне лайық амандасу түрлері бар
екенінен хабар береді.
(Hunгелді Уали )
Менің туған күнім
Бүгін менің туған күнім. Мен он бес жасқа толып отырмын. Бұл күнді асыға күттім. Үйде ата - анам бауырларым сағат түнгі он екіден бастап құттықтап, маған тосын сый жасады, сыйлықтарын сыйлады. Мен өте қатты қуанып, екі езуім екі құлағымда болды.
Таңертеңнен бастап көңілім көтеріңкі болды. Анам мен әпкем тәттілер әзірлеп, бүгін қонақ күтуге дайындалуда. Сабақтан келіп мен де оларға көмектесе кеттім. Кешке үйге қонаққа ағайын - бауырлар келеді. Жаңа әдемі көйлегімді кидім.
Қонақтар маған ақ тілектерін айтып, түрлі сыйлықтар ұсынды. Әпкем маған арнайы үлкен торт пісірген болатын. Ол өте дәмді шығыпты.
Туған күнім ойдағыдай өтті. Енді демалыс күні достарыммен кездесіп, тағы туған күн тойлайтын боламыз.
"Тәуелсіздік - тұғырым" шығарма.
«Тәуелсіздік» ұғымы кімнің болмасын бойында мақтаныш сезімін оятып, ұлтжандылыққа жетелейтіні анық. Тәуелсіздік таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз, әрбір адам кеудесін көтеріп, мақтанып айтатын қасиетті ұғым. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.
Сонау ата-бабаларымыздың, аға-апайларымыздың рухын таптамас үшін, кейінгі ұрпақ тыныш елде мекен етсін деп ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен сақтап қалған жер үшін, атамекен ел үшін еңбектерін, төккен терлерін зая кетірмес үшін біз өз Тәуелсіздігімізді мықты әрі берік етіп сақтау - біз үшін міндет.
Сондықтан Сіздерге тілерім - Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болсын! Желтоқсанның ызғарлы желі енді соқпасын! Бейбіт заманда өмір сүріп, аспанымыз әрқашан ашық болсын! Бір шаңырақтың астында тату – тәтті өмір сүріп, еркіндігімізді сақтайық! Еліміздегі бейбітшілік пен ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсейік! Тәуелсіз Қазақстанымыз жасасын!