Қазақ халкының ұлттық тағамдары-бешбармақ,қуырдақ.Бешбармақ пісірілген ет.Бешбармақты жылқының,сиырдың,қойдың етінен әзірлейді.Етті пісіреді ,сосын қамырдан жайма жайып пісіріп табаққа салып,жайманың үстіне пісірілген етті салады.Бешбармақ -өте дәмді тағам,Бешбармақ -қазақ халқының үлттық тағамдарының ішіндегі ең кұрметті тағам. .Ежелгі қазақ халқы бұл тағамды бес саусағымен жеген.Сондықтан бұл тағамды -бешбармақ деп атап кеткен. Бешбармақты сыйлы қонақтарға,әрбір мерекелергет әзірлейді.Қуырдақ- соғыммен бірге жасалынатын кәделі әрі дәстүрлі тағам.Соғым сойылған үйде қуырдақтын дайындалмау мүмкін емес.Қуырдақ-өте дәмді тағам.
Намыстың аты — НАМЫС және ол ҰЛТТЫҚ деңгейде! «Қазақта бас тағамның да атауы жоқ» деген масқара емес пе? Бұл масқарамен бітімге келуге болмайды!
Біршама талпыныстар да болған секілді, бірақ ештеңе шықпай жүр.Осы жолы біз де талпынып, тақырыпты сілкіп көрейік. Қасаңдыққа жаны жақын ағайындардың қай ұсынысты да жолатпай, «мөңкуі» мүмкін, бірақ бізге ұлттық намысқа басқаннан амал жоқ...
Қазақтар «бешбармакты» «ет» деп келген, енді әлгіні қазақшалап «бесбармақ» деген масқараға да қалып жүр, амал не?! Десек те, бұл тағамға байланысты асты қолмен жеу ғана тән емес, Ортаңғы Азия жұрттарының барлығы дерлік қою тамақты қолмен қылғытады: палау, манты т.т. Ендеше, қазақы ет жеуге қолдың да, саусақтың да қатысы аздау. Басты сипат: етті асап жеу – алақанға іріктелген ет пен жайманан, басқа да дәмдеуіштер араласқан күйінде алақандағы ас бас бармақтың көмегімен ауызға итеріліп, асап желінеді; сонымен бірге ақсақалдар мен қадырлы адамдар тарапынан «Асату» рәсімі жасалады. Міне, астың аты өзінің сипатынан-ақ шығып тұр: АСАМАҚ! Адам кез келген арнайы техникалық түрде асты қолмен асамайды, ал ол қазақы сүйікті де жеңсік ас, ет тағамы – «асамақ»! Бірақ мұның «асамық» деген де нұсқасы болуы мүмкін, себебі, ботқаның бала мен қарияға арнайы пісірлетін қоймалжың түрі қазақша «быламық» аталады, мұндағы «мық», «мік» сөз жасаушы тұлғалар.
Десек те, алғашқы нұсқасы айтуға ыңғайлы, құлаққа жағымды, мағынасы асты толық сипаттап тұр: «асамақ»! Оның ертеңгі күні алуан тілге тарататын орыс тіліндегі трансрипциясын бекітіп алған жөн: «асамах» («асамак» емес)!
Енді еніп кеткен «бешбармактан» қалай құтыламыз? Оп-оңай! Әуелі «бешбармактың» қасына жақшалатып (асамақ) ретінде жазамыз да, жартылай таралған кезде, «асамақты» алға шығарып, жақша ішіне «бешбармакты» жасырамыз. Сосын барлық мейрамханалар мен тойхана, дәмханаларға солай жазуды сіңіреміз. Болды! Сізше қалай, болмады ма? Онда өзіңіз жалғаңыз.
Айтпақшы, қазақта ауызға құр саусақ салғанды жаман ырымға балайды, ол ішер астың жоқтығын білдіретін ежелгі ырым болса керек. Ауызына саусақ салған балаға қазақтың жекіруі содан қалған! Әлгі «бешбармак» дегенің соны меңзеп тұрған жаман ырым демеске лаж жоқ… «аш бармақ» деп тұрғандай...