2. Грамматикалық тапсырманы орындау:Мәтінді байланысу түріне талдаңыз матасу,қиысу,жанасу,меңгеру,қабысу Талай күн бойында ілбумен ғана жүріп, Жидебай тұсына жеткен Құнанбай қосы сан жағынан бірталай кеміп қапты. Әсіресе, шошытатын жылқының түсі. Нелер атпал айғырлар мен сақа билердің өзі де алты айлық аурудан тұрғандай, көлеңкесі ғана қалған. Жүндері ұзарып, үрпиген. Аяқтары жуандап, сүйек - сүйегі адырайып кетіпті. Тарамыс, шандыр атаулысының бәрі білініп тұр (М. Ә.).
Тұлғаның коғамдық сана-сезімінің дамуының белгілі бір сатысында, адам өзінің жеке басы үшін тек сыртқы мақсаттарды ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі тәрбиелеу мақсаттарын да түсінеді. Ол өзіне-өзі тәрбиенің субъектісі ретінде қарай бастайды. Өзінің тұлға ретінде қалыптасуы, оның жеке белсендігінсіз мүмкін еместігін түсіне бастайды.
Өзін-өзі тәрбиелеу — адамның өз тұлғасын қалыптастыруға, өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне, өзін-өзі дамытуға, өз қабілеттерін өзі іске асыруға бағытталған мақсатты, саналы, жүйелі түрде өздігінен жүргізетін іс-әрекеті. Өзін-өзі тәрбиелеу тәрбие процессінің құрамды белігі және тұлғаның өзін-өзі дамытуындағы ең маңызды күш болып саналады.