2. Мәтін мазмұны бойынша 2 сұрақ құрастырыңыз. Қандай мамандықты оқыған дұрыс – қаржыгер ме, әлде заңгер ме?
Менің жауабым: программист!
Әрине, басқа мамандықтарға менің ешқандай қарсылығым жоқ. Барлық мамандықтың өз орны бар. Барлық мамандар қажет.
Мен 2009 жылы мектепті «Алтын белгімен» бітіріп, ЕҰУ-ға «Халықаралық қатынастар» мамандығына грантқа түстім. Бұл мамандық гуманитарлық болып саналады. Ешқандай математика, физика пәндері бағдарламада болмады. Бірақ өзім мектеп кезінен бастап математикаға бір табан жақын болатынмын. Студент болып жүргенімде оқушыларға репетитор болудан бастап, құрылыста күзетші сияқты әртүрлі жұмыстар жасауға тура келді. Студенттік өмір оңай емес, ақша табуға тура келеді.
Бір күні достарым маған: «сайт жасауға арналған Joomla деп аталатын оңай бағдарлама бар, соны үйреніп бастасаң болады», – деп кеңес берді. Сол күннен бастап осы бағдарламаны үйренуге кірістім.
Бірде достарымның бірі маған ұсыныс жасады. Өзі екі жерде жұмыс жасайды.Бір сайтын жасап үлгермей жатыр екен. Жасап берсем, 10 000 тг беремін деп уәде етті. Сол күні таңға дейін ұйықтамай, сайтын бітіріп бердім. Бұл программист ретінде менің тапқан алғашқы табысым болды. Қуанышымда шек жоқ!
Әрі қарай одан да айлығы жоғары жұмыстарда істедім. Қазірде кішігірім өзімнің сайт жасайтын студиям бар. Today.kz ақпараттық порталының IT-менеджері болып жұмыс жасаймын.
2. Мен жуынамын, тісімді тазалаймын. Таңертеңгі асымды жеті сағат отыз минутта (7 30-да) ішемін.
3. Одан кейін таңертеңгі сағат сегізде (8 00-де) автобуспен университетке кетемін, өйткені бірінші сабақ сағат тоғызда (9 00-де) басталады.
4. Сабақ кестесі бойынша біз аптасына алты күн, күніне бес сабақтан оқимыз,
5. Мен кешкі сағат бесте (5 00-де) келесі күннің тапсырмасын орындауға кірісемін.
6. Мен сағат жетіде (7 00-де) жолдастарыммен кездесу үшін аулаға шығамын.
7. Кешкі астан кейін мен шамалы ата-анама көмектесемін. Содан кейін теледидар көремін.
8.Сағат он бірде жататын бөлмеме барамын, ұйықтардың алдында аздап кітап оқимын.
Қазақша ет (бесбармақ, бешбармақ) асқанда ең алдымен жіліктеп бұзылған етті адам санына қарай мөлшерлейді. Тойға немесе қонақ асыға көбінесе қой сойылады. Қой еті жіліктенгенде 13 мүшеге бөлінеді. Олар жамбас - 2, ортан жілік – 2, асықты жілік – 2, беломыртқа – 1, сүбе – 2 (сүбемен бірге бүйректен жоғарғы 5 қабырға кетеді), қабырға -2, төс – 1, омыртқа -1, жауырын -2, тоқпан жілік – 2, кәрі жілік – 2, бұғана – 1, мойын Осылай асуға дайындалған етті жуып-шайып тазалап, қазанға салады да, ет батып тұратындай етіп суық су құяды. Содан кейін қазанды қатты жанған отқа қойып, сарқылдатып қайнатады, бетіне шыққан қанды көбігін алып тастап, шамалап тұз, 1 бас пияз салып отын басады да, 1-1,5 сағат ет әбден піскенше шымырлатып қайнатады. Ет әбден піскен соң табаққа сорпасынан бөлек қотарып алып, тартылған табақтың санына қарай мөлшерлеп тұздық әзірлейді. Ол үшін сорпаға қара бұрыш, дөңгелектеп тұралған пияз салып, ыдыстың бетін жауып бұқтырып қояды. Ет туралып болған соң тұздықты еттің үстіне құяды. Әдетте кәделі жіліктермен бірге сыйлы қонақтарға малдың басын, (қой), ірі қараның шекесін, қазы, қарта, жал-жаяны табаққа бірге салып береді.Сонымен бірге қамыр, бітеу пісірілген картоп қосуға да болады.