В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
ruuuuuyslan
ruuuuuyslan
06.10.2021 23:33 •  Қазақ тiлi

2. «Менің туған жерім» деген тақырыпқа диалог құраңдар. -Сенің туып-өскен жерің қай жер? -Менің туып-өскен жерім- -Сен қандай қалада тудың? -Мен қаласында тудым. Туған жеріңнің табиғаты қандай?

Показать ответ
Ответ:
levonaleqsanya
levonaleqsanya
14.03.2022 13:42

Объяснение:

Қысы-жазы осы үйде қараңғы, ешкім тұрмайтын секілді.

Үлкенге - құрмет, кішіге  - ізет.

Кішкентай бөпе топ-топ жүгіремін деп құлай жаздады.

Салт-дәстүр -  ата-бабаларымыздан бізге қалған даналық пен байлық.

Ол өзінен-өзі ренжіп, шалынып құлады, оған ешкім тиіскен жоқ.

Әр а ақ-қараны ажырата  білуге үйретуі тиіс.

Көрші қыз кеше есікті қайта-қайта тарс-тұрс жауып ұйқы бермеді.

Жұмақтың кілті ананның аяғын астында деп бекер айтылмаған.

Жұрт не айтады деп қаншама адамдар қалаған армандарымен қоштасты.

0,0(0 оценок)
Ответ:
hrustam2004
hrustam2004
26.01.2022 23:50

ТАҢЕРТЕҢ

...Ұйқыдан тұрған бойда қол бірден телефонға созылады екен. Адамның миына «ватсапты қара», «инстаграмда кім қайда жүр?», «фейсбук не деп жатыр?», «қалада не боп жатыр?» деген сигналдар автоматты түрде келеді. Жоқ! Болмайды! Одан да көптен істемеген жаттығуларымды жасайын. Қалай еді – бір, екі... Оңға, солға... Он минуттай қозғалып, бірден сергіп қалғанымды сездім. Таңғы астан соң, аулаға баламмен серуендедім. Көптен қолым тимей, үйде жасалмай жатқан шаруаларды жасап, люстралардың шамын ауыстырдым. Қолы бос адамға үйде жұмыс жетеді екен. Түс те болып қалды. Смартфон қарауға көп зауқым жоқ. Тек бүгін тікелей эфирде өткен Жәнібек Әлімханұлының Стивеном Мартинеспен жекпе-жегін өткізіп алғаным есіме түсті. Бұрын өткізіп алған бокстарды ютубтан қарай салатын едім. Кім жеңді екен деген ой біраз мазалады.

КҮНДІЗ

Түскі астың уақыты келді. Интернет болмаған соң, телефон өз жайына қалды. Ауқаттанып болған соң, күнделікті әдетпен бетіне бір қарап едім, екі қабылданбаған қоңырау тұр екен. Кері соқтым, «саған ватсапқа жазып едік, оқымадың ғой» деп шарауасын айтты. Содан телефонды ақыры ұстаған соң, көптен хабарласпай жүрген туысқандарға қоңырау шалып, саулығын білдім. Бұрын тек хабарлама жазатын едің ғой деп олар да таң қалып, риза болысып жатыр. Галереяда да ватсаптан келген біраз суреттер мен бейнелер жиналып қалыпты. Бұларды тазаласам, International Internet-Free Day талаптары бұзылмас па екен? Қой, бұзыла қоймас, бәрін өшіріп, тазаладым.

Кеш жақындаған соң жолдасым сауда орталығына барып, баланы ойнатып, кафеге отырып, серуендеп қайтуды ұсынды. Демалысты жақсы аяқтаудың керемет тәсілі. Телефоннан такси шақыруға ниеттендім, бірақ... Үйренген «индрайвер» қосымшасы арқылы шақыруға болмайды. Қиын жағдай, бірақ бұдан шығу жолы бар. «Ақ Жайық» газетін қолыма алып, таксидің номерін тауып алдым. Жарты сағатта келетін болды. Күтеміз.

КЕШ

Кафеге кірдік. Күн бойы ішімде бірдеңе өзгерген бе, смартфонның бетін сипалап отырған адамдарға жатырқай қарадым. Бәріның көзі смартфон экранында. Қасындағы адаммен шаруасы жоқ.

Ал біз тапсырыс келгенше біраз әңгіменің басын қайырып тастадық. Байқағаным үйде біраз мәселе жиналып қалған екен... Бірақ бұл басқа әңгіме.

Кешкі тоғызда үйде болдық. Әдеттегідей фейсбукті бір қарап алғым келіп, өзімді әзер тежедім. Бір мезетте үйде теледидар бар екені, одан жаңалықтар қарауға болатыны есіме түсті. Соңғы рет мұны қашан қосып едім...

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота