2. Оқылым . Баяғыда малға өте бай бір ел болыпты. Бұл жердің тұрғындарының: «Біздің отбасымыз бен малымызды қорғайтын батырымыз болса» деген жалғыз армандары болыпты. Күндердің күнінде бір отбасында алып бала дүниеге келеді. Балаға Толағай деп ат қояды. Бала жыл сайын емес, күн сайын өседі. Бір жылы жаңбыр жаумай, шөп шықпай, малдар өле бастайды. Сонда Толағай Дана деген ақсақалға барып, ақыл сұрапты.
Сонда қарт: – Толағай, біздің жерімізде тау жоқ, бұлт келмейді. Сондықтан жаңбыр жаумайды,- дейді.
Толағай: – Ата, сіз рұқсат етсеңіз, бір жерден тау арқалап алып келсем бола ма? - дейді.
Қарт Толағайға риза болып, рұқсатын береді. Арада ай өтеді, жыл өтеді. Бір күні Толағай Тарбағатай тауына жетіп, төменде орналасқан кішірек тауды арқасына салып алады. Біраз уақыт өткен соң, Толағай әлсірей бастайды. Ауылына жақындап қалғанда, құлап түседі. Еліне жаңбыр сыйлаған батыр осылай таудың астында мәңгі ұйқыға кетеді. Содан бері ол тауды ел «Толағай» деп атап кетіпті. Жаңбыр жауған сайын жұрт Толағайды есіне алады екен. (149 сөз)
1. Мәтінге сай келетін дұрыс ақпаратты белгілеңіз.Иммерсивное средство чтения
( : 2)
А.Дәулетті елді мекендеушілердің бір ғана армандары болған екен.
В. Елінің жағдайын ойлаған Толағай анасынан ақыл сұрапты.
С. Бұл аймақта биік таулар болмағандықтан, жауын жаумайды.
Д. Толағай тауды ауылына жеткізе алмай қалады.
Оқи салшы))
Күндердің бір күні Жылан жер жүзіндегі жанды мен жансыздарға мынадай арыз айтады:
— Мені Тәңірім сендердің бәріңнен кем жаратыпты. Аяқ-қолым жоқ. Басымды көтере алмай, жер бауырлап қалдым. Не жеп, не қоярымды да білмеймін. Сендердің бәрің бір бүтін тілдісіңдер, ал мен айыр тілдімін. Ойлап отырсам, жанды мен жансыздың ішіндегі сорлысы мен екенмін. Маған ешқайсыңның жәрдем еткілерің келмейді. «Сен қасіретті көп тарттың, ондайлар әрдайым әділ келеді, сен барлығымызға патша да бола аласың» деп, сөзбен болса да жұбатып кетпейсіңдер, – деп, ол екі көзінен қанды жасын сорғалатып, ағыл-тегіл жылайды.
Жанды-жансыздың барлығы жыланға аяныш білдіріп, өкпесін орынды көреді, «қарасың деп шықпайтын, қара қылды қақ жарған, ақ жүрек ақылшымыз болар» десіп, өздеріне патша етіп сайлайды.
Жыл артынан жыл, күн артынан күн өтіп жатады.
Күндердің күнінде Жыланекең: «Бүкіл әлемге патша болып, барлық билікті өз қолыма алсам, бұдан да жақсы тұрар едім. Көзіме көрінген тамақты ішпей, дүниедегі жандылардың ең тәтті қандысын жер едім», – деп қиялдайды. Қан дәмін айыра алатындарды шақыртады. Қос қанатын делдитіп, аяқтарын шілтитіп, қуарып Шіркей, тұмсығын едірейтіп Маса, патшаның көңілін табам деушілердің бәрі келеді.
Жарқын жүзбен қуанышпен келесің,
Құтты болсын жетпіс бесіңіз, әжетай,
Өзіңізді бір құдайым демесін.
Бәйтерексіз жапырығы жайқалған,
Барша жұртқа жақсылығын байқалған.
Есен болсын ұрпағынңыз көрінген.
Ән қалықтап, күй төгілсін төріңнен,
Бақ орнасын әрдайым басыңызға.
Жас қосылсын, әжетай, жасыңызға,
Амандықпен жетіңіз жүзге қарай! 2)Әжеме кетсем жұғысып,
Тапқандай болам сөз кенін.
Ертегін қызық ұғысып,
Тыңдаймыз көзбен көргенін.