2. Сұраққа толық жауап жазыныз.
қазақ күресі бойынша бірінші ірі жарыс қай жылы және қай жерде өткен
ЖАЗЫЛЫМ
[10]
Берілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді
орфографиялык нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, жазба
жұмыста етістіктің шақтарын, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілері
орынды қолданыңыз.
1. Олимпиада жеңімпаздары - Қазақстан мақтанышы.
Бір күні кішкентай бауырыңыз сізден көмек сұрады. Оған пән мұғалімі
Олимпиада чемпионы» деген тақырыпқа ақпарат жазып келуді тапсырған. 13
бауырыңызға көмек көрсету үшін қандай олимпиада чемпионы туралы ақпарат
айтасыз? Акпаратты жазыңыз.
2. Жер байлығына аяулы көзқарас.
Еліміз қазба байлықтарға бай. Қазақстанның әр жерінен түрлі қазбалар
кездеседі. Бірақ қазіргі кезде Жер-Ана адамдарға өте ашулы. Жер-Ана не
себептен ашуланды деп ойлайсыз? Жер-Ананың монологін жазыңыз.
АЙТЫЛЫМ
[10]
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұбыңызбен диалог құрастырыңыз (6-
8 сөйлем). Диалог құрауда тура, ауыспалы мағынадағы сөздерді, сұраулы,
хабарлы, летті және бұйрықты сөйлемдердін интонациялық ерекшелігін
ескерініз.
Ұсынылатын такырыптар
1. Қандай олимпиада жеңімпаздарын білесіз?
2. Ұлы Жібек жолы туралы не білесің?
3. Кімге ұксатын келеді?
Бұл өнімдердің пайда болуы, бірінші кезекте ауыл шаруашылығына тиімді әсер етті. Көкөністер мен жемістердің өнімділігін арттыруға мүмкіндік жасалды. Оларды өсіру оңай болғандықтан, нарықтағы бағасы да төмендеді. Сонымен бірге, ГМӨ зиянды жәндіктермен, вирустармен және бактериялармен күресе алады. Гендік модификацияланған тағамдар қатерлі ісікке, бедеулікке немесе демікпеге (астмаға) әкелуі мүмкін деген пікірлерді жиі естуге болады. Алайда, бұл тұжырым қате. Трансгендік өнімдер бірде-бір өлімге, тіпті қарапайым ауруға соқтырған жоқ. Ол фармакологияда да қолданылады, оның негізінде әртүрлі ауруларға қарсы вакциналар шығарылады. Мамандардың болжамы бойынша, 20 жылдай кейін жер шарының тұрғындары 2 миллиардқа көбейеді. Дәл қазір, аштықта өмір сүретін адамдарың саны 700 миллионды құрайды. Трансгендік тағамдарды қолдайтын ғалымдардың айтуынша, ГМӨ адамзатты аштықтан құтқара алады. ПАЙДАСЫ
Объяснение:
Экологтардың айтуынша, гендік өзгеріске ұшыраған өсімдіктер қоршаған ортаға залал келтіреді деп санайды. Мәселен, олар зиянды жәндіктерді ғана емес, сонымен қатар, мүлдем зиянсыздарды да жояды. Көптеген табиғи өсімдіктер, бәсекелестікке шыдай алмағандықтан, жойылып кетуі мүмкін. Бұл жағдай – табиғаттың тепе-теңдігін бұзады. Бұл организмдер жақында пайда болғандықтан, қорытынды жасау әлі ерте. Оны қолдануға ресми тыйым салынған жоқ, сондықтан, ГМО-нің болашағы тұтунышылардың қолында.ЗИЯНЫ
Объяснение:
Орталық Азиялық ұшы қиырсыз ұлы даланың өлеңді ойлары, шалғынды қырлары, орманды белдері көшпенді мал шаруашылығымен айналысқан бабаларымыздың құтты мекені болғандығы анық. Аталған аймақта кездесетін түрлі дәуір тарихынан сыр шертетін мұралар қатарынан жерге тігінен қадалған, кейде уақыт ырғағына шыдамай қисайып, құлап жататын тас мүсіндер дараланып, алыстан мен мұндалап шақырады. Халық арасында «балбал тастар», «сын тастар», «батыр тастар» т.т аталынатын бұл тас мүсіндер өзіндік ерекшелігімен, көркем безендірілуімен талайдың таңдайын қақтырып тамсандырады.
Кейінгі ғылыми зерттеулер Орталық Азиядағы монументті ескерткіштердің қойылу кезеңін сонау ықылым заманнан, яғни сирек кездесетін аңдар бейнеленіп, арнайы ойықтар ойылған энеолиттік стеллалардан бастап, қола дәуірінің тас мүсіндері, ерте темір дәуір бұғы тастары және ортағасырлық түркі, қыпшақ тас мүсіндері сияқты маңызды топтарға бөліп қарастырады.
Ерте орта ғасырларда ұлы Қытай қорғанынан бастап, Қара теңіз бен Каспий теңізіне дейінгі аралықтағы кең даланы мекендеген түркілердің археологиялық ескерткіштерін жер тастардағы жазба-сызбалар, тас мүсінді ғұрыптық қоршаулар, сауыт-сайманы, тұлпарымен қоса жерленген обалар т.т құрайды.
Ерте кезеңнен бастау алған антро тастарды қою рәсімі түркі қағанаты кезеңінде шарықтау шегіне жетіп, еске алып құрбандық шалуға арналған тас қоршаулардың жанына еске алушының шынайы келбеті қашалған тастар тұрғызыла бастайды. Аталған дәстүр мұсылман діні дендеп еніп ығыстырғанға шекті жалғаса берген.
Алғашқы тас мүсін зерттеушілері Оңтүстік орыс даласынан табылған қашалу мерзімі орта ғасырлардың соңына қарай жасалған әйел адам бейнесі кескінделген тас мүсінге қатысты «каменная баба» атауын берген, содан бастап бұл атау жалпылай ғылыми ортада көне түріктік тас мүсіндер атауына айналып кете барған дейтіндер де бар.
Шындығында ерлердің, әйел затының да бейнелері сомдалатын тас мүсіндерді зерттеуші жат тілділіктер аталған аймақта тұратын байырғы тұрғындармен жүргізген мүсіндер жайлы этнографиялық сауалнамаларына олар өздерінің «тас бабалары» екендігін түсіндірген.
Зерттеушілерге алғашқы кезіккен әйел заты сомдалған тас мүсін болғандықтан олар баба сөзінің түбіне терең бойламастан сөзбе-сөз «каменная баба» қылып шығара салғандығын академик Ә.Марғұлан еңбегінде ескертіп өткен.
Түркі қағанаты кезеңі тас мүсіндерін зерттеуші ғалымдардың тұжырымдамалары бойынша ғұрыптық қоршаулардың шығыс жақ қырына кісі бейнесі қашалған тас мүсіні қойылып, кейбірінің қарама-қарсы алдына қатарлана тігінен «балбалтастар» тұрғызылған. Олардың саны 1-2 бастап ондаған тас балбалдарға дейін жетеді. Ал, аталған тастардың қойылу себебін зерттеушілер; «мүсіні қойылған түркілік батырдың тірісінде жекпе-жекте өлтірген жауының санына қарай тұрғызылған» десе, келесілері «еске алу рәсіміне жиналушылардың аттарын байлайтын «ат ағаш» ретінде орнатылған» деген пікірлерін білдіреді.
Орхон руна жазуын зерттеп оқушыларға тас мүсіндер атауы «Балбық», «Былбыл» ретінде таныс.
Қорыта келгенде Бектеріне, Қағандарына, батырларына т.б қойған мүсін тастарын, жауларының құрметіне тұрғызылған балбалдарын, ерлікке толы тарихын қашап жазған бітік тастарын, қой тастарын т.т «Кәріліктен немесе аурудан өлгенді ар санаған, шамасы жеткенше ұрыс алаңында жан тапсыруды қалаған» - ер түркілердің ұрпағы ретінде бабаларымыздың ұлы мұраларының жалпылай атауын «Баба тастар» атағанымыз жөн сияқты.