2. Сөйлемдегі етістіктердің жасалуын түсіндіріңіз. Үлгі: Сақтайды – сақта+й+ды (ауыспалы осы шақ, III жақ, жекеше түрі)
3. Мәтіннен біріңғай сөйлем мүшелерін теріп жазып, қай сөз табынан жазалынғанын түсіндіріңіз.
«Денсаулық – зор байлық» дейді халқымыз. Оны жас кезден сақтау керек. Ол үшін спортпен шұғылданумен қатар, уақытылы тамақтану қажет. Таңертең таза ауада серуендеу, жүгіру, жая жүру денсаулықтың шымыр болуына көп көмектеседі.
Темекі шегу, есірткіге әуестену, ішімдік ішу денсаулықты құртып қана қоймайды, сонымен қатар адамның жүрек, ми, бүйрек ауруларын арттырады. Соңында адамның өмірден өтіп кетуі де мүмкін. Сондықтан денсаулыққа зиян келтіретін заттардан аулақ болған дұрыс. Жаман нәрсеге әуес болмай, үнемі спортпен шұғылдану керек.
Қонақжай халқымыз дәмге ерекше көңіл бөлген. Ұлттық тағамдарымыз өзінің құнарлығымен, дәмділігімен, ерекшеленеді. Шұбат, қымыз, айран – шөлді қандыратын сусуындар. Ірімшік, құрт, қаймақ және сүзбенің адам денсаулығы үшін пайдасы зор. «Дұрыс тамақтану – денсалық кепілі» деп бекер айтылмаса керек.
Ана – жүрек, жүректі құдіретте.
Ана – тірек, тіректі құрметте,
Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет.
Ана – күнің, күніңе табынып өт. –
деп жырлағым келеді.
Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады.
Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.
Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Кейбір балалар арасында, өз ата-анасын жөндеп сыйламайтын, еңбегінің қадірін білмейтін, айтқан тілін алмайтын балалар да кездесіп қалады. Мұндай бала өсе келе ата-ананың борышын өтемек түгілі, екі жүзді сұрхия адам
болып шықпасына кім кепіл. Ылайым балалардың тәрбиесі адам қызығарлықтай болып өсе берсін дегім келеді.
жекеше түрі:
І. Мен кіремін, аламын, сөйлеймін.
ІІ. Сен кіресің, аласың, сөйлейсің.
ІІ. Сіз кіресіз, аласыз, сөйлейсіз.
ІІІ. Ол кіреді, алады, сөйлейді.
көпше түрі:
І. Біз кіреміз, аламыз, сөйлейміз.
ІІ. Сендер кіресіңдер, аласыңдар, сөйлейсіңдер.
ІІ. Сіздер кірсесіздер, аласыздар, сөйлейсіздер.
ІІІ. Олар кіреді, алады, сөйлейді.
Жедел өткен шақ:
Жекеше түрі:
І.Мен кірдім, алдым, сөйледім.
ІІ.Сен кірдің, алдың сөйледің.
ІІ.Сіз кірдіңіз, алдыңыз, сөйледіңіз.
ІІІ.Ол кірді, алды, сөйледі.
көпше түрі:
І.Біз кірдік, алдық, сөйледік.
ІІ.Сендер кірдіңдер, алдыңдар, сөйледіңдер.
ІІ.Сіздер кірдіңіздер, алдыңыздар, сөйледіңіздер.
ІІІ.Олар кірді, алды, сөйледі.
Нақ осы шақ:
жекеше тоүрі:
І.Мен кіріп жатырмын, алып тұрмын, сөйлеп отырмын.
ІІ.Сен кіріп жатырсың, алып тұрсың, сөйлеп отырсың.
ІІ.Сіз кіріп жатырсыз, алып тұрсыз, сөйлеп отырсыз.
ІІІ.Ол кіріп жатыр, алып тұр, сөйлеп отыр.
көпше түрі:
І.Біз кіріп жатырмыз, алып тұрмыз, сөйлеп отырмыз.
ІІ.Сендер кіріп жатырсыңдар, алып тұрсыңдар, сөйлеп отырсыңдар.
ІІ.Сіздер кіріп жатырсыздар, алып тұрсыздар, сөйлеп отрсыздар.
ІІІ.Олар кіріп жатыр, алып тұр, сөйлеп отыр.