2. Сөйлемдегі етістіктердің жасалуын түсіндіріңіз. Үлгі: Сақтайды – сақта+й+ды (ауыспалы осы шақ, III жақ, жекеше түрі)
«Денсаулық – зор байлық» дейді халқымыз. Оны жас кезден сақтау керек. Ол үшін спортпен шұғылданумен қатар, уақытылы тамақтану қажет. Таңертең таза ауада серуендеу, жүгіру, жая жүру денсаулықтың шымыр болуына көп көмектеседі.
Темекі шегу, есірткіге әуестену, ішімдік ішу денсаулықты құртып қана қоймайды, сонымен қатар адамның жүрек, ми, бүйрек ауруларын арттырады. Соңында адамның өмірден өтіп кетуі де мүмкін. Сондықтан денсаулыққа зиян келтіретін заттардан аулақ болған дұрыс. Жаман нәрсеге әуес болмай, үнемі спортпен шұғылдану керек.
Қонақжай халқымыз дәмге ерекше көңіл бөлген. Ұлттық тағамдарымыз өзінің құнарлығымен, дәмділігімен, ерекшеленеді. Шұбат, қымыз, айран – шөлді қандыратын сусуындар. Ірімшік, құрт, қаймақ және сүзбенің адам денсаулығы үшін пайдасы зор. «Дұрыс тамақтану – денсалық кепілі» деп бекер айтылмаса керек.
Instagram әлеуметтік желісі жайлы.
Күн сайын әлеуметтік желілер біздің өмірімізге көбірек орын ала бастағанын көріп жатырмыз. Олар тек қарым-қатынас пен хат алмасу орны ғана емес, сонымен қатар тауарларды жылжыту алаңына айналады. Соңғы уақытқа дейін біз достарымыздың фотоларымен жай сөйлесіп, ұнағанынан лүпіл басып едік, ал қазір желіде адамдар кеңестер, кәсіби қабілет, қызметтерді жылжыту, тауарлар сатып алу және т.б. бөлісуде. Бұл үрдіс келешекте одан әрі дамиды. Себебі қазір онлайн табыс табу оффлайнға қарағанда жеңіл, артық шығынсыз әрі тиімді.
Мысалы, мен болашақта Instagram желісіндегі өзімнің жеке парақшамды дамытқым келеді. Оқу бітіріп, белгілі бір мамандықтың эксперті боламын. Кейін өз эксперттілігімді Instagramр-да тиімді қолданып, курстар мен марафондар ұйымдастырамын. Әрине, басында жалғыз өзім болған соң қиын болады. Кейін өзімнің тобымды құрсам ба деймін.
Бір белгілісі сол – Instagram адамзаттың қалауын өтеуді тоқтатпайды, одан жалықпайды да.
Киім – адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Оның тұтыну мәнімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететін маңызы бар. Киім тігуге мал, аң терілері, өсімдік, ағаш, балық, құс өнімдері, жасанды материалдар пайдаланған. Киім тігісті және тігіссіз болып бөлінеді. Адамзат палеолит дәуірінде тігіссіз, байланатын лыпа Киімдерді пайдаланса, неолит кезеңінде, яғни өсімдіктерді өру, иіру, тоқу кәсібін игергеннен кейін – иықтан, мықыннан киілетін Киім түрлері пайда болды. Тігіссіз Киім адам денесіне оралады, байланады. Мысалы, үнділіктер сари, шалма, шәлі; кавказдықтар бурка; римдіктер тога; ежелгі гректер гиматий; солтүстік халықтары теріден жасалған тұлып; тайгалықтар тері желбегей; қиыр шығыстықтар теңіз жәндіктерінен Киім дайындады. Аяқкиім түрлі ағаш, тері, көннен жасалады. Кеуделік Киім пішілуіне қарай тұйық (орыс косовороткасы, эскимос анорині), алды ашық желбегей (камзол, шапан) болып келеді. Киім белгілі дәрежеде адамдардың жас айырмашылығын, әлеуметтік ерекшеліктері мен этнографиялық ортасын танытады. Көшпелілер адамзат тарихында атқа отыруға қолайлы болу үшін ойлап тапқан кең шалбар мен екі өңірі алдынан ашылатын қаусырынатын кеуде Киім – шапанды адамзат өркениетіне қосты. Әлеуметтік дәрежесіне қарай қазақ халқы арасында би, бақсы, бай, сал-сері (жарғақ, шалбар, мауыты, шәйі көйлек), қойшы (шекпен, кебенек, сырттық, күләпара), балуан, батыр Киімдері болған. Жас ерекшелігіне қарай бала Киімі, бозбала Киімі, бойжеткен Киімі, қалыңдық, жас жігіт, келіншек, бәйбіше Киімі, ақсақал Киімдері үлгілерінің әшекейі, тігілуі, сырылып, кестеленуі әртүрлі болып келеді. Жасы ұлғайған адамның Киімі денеге қонымды, кең, мол пішілген, әшекейі, жалтырауығы аз, қарапайым, кең бола түседі. Күйеу киімі – ұзын төбе тымақ, қызыл манат шапан. Сонымен бірге бақсы Киімі, сал-сері Киімінің де өзіндік сәндік ерекшелігі болады. Әркімнің жеке басында іштік, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат, ғұрып Киімі болады. Бір киер Киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді Киімдерді атаған. Қазақ салтында ер жігіт жекпе-жекке түсерде, соғысқа барарда Киімдердің ең жақсысын, көрнектісін киген (қараңыз [1]). Қазіргі заманғы Киім түрлері күнделікті өмірде, жұмыста, қызметте, қыдыруға, спортпен шұғылданғанда, демалыс орындарында киюге арналады. Сондай-ақ, әскерилердің, өзге де мамандықтардың арнаулы Киімдері, сәндік Киімдер түрлері бар.