2.Сөздерді сәйкестендір Құрылыстық - құм, гранит
Химиялық - графит, калий тұзы
Жанғыш - көмір, мұнай
Отқа төзгіш - түсті металл кендері
3.Сөздерді сәйкестендір, сөз тіркесін құрастыр.
мәшине жасау
қант қызылшасы
өндіріс қаласы
Қазақстан аумағы
4. Көмірге бай қалалар? 2 дұрыс жауап
(Қарағанды, Теміртау, Қостанай, Балқаш )
5. Мәтін бойынша дұрыс ақпаратты анықта.
А) Қазақстан Республикасы жерінде көмір, мұнай, темір, мыс, мырыш жоқ.
Ә)Қазақстан Республикасы жерінде көмір, мұнай, темір, мыс, мырыш мол.
Б) Қазақстан жерінде көмір, мұнай көп кездеспейді.
6. Ауыспалы келер шақтағы сөйлемді анықта.
А) Балалар ертең көктемгі демалысқа шығады.
Ә) Менің інім далада ойнап жүр.
Б) Мен ауылдан келдім.
7.Жедел өткен шақтағы сөйлемді анықта.
А)Мұнайды жер астынан алады.
Б)Механизатор егінді комбайнмен жинап жатыр.
В)Оқушылар спорт сарайына барды.
Салауатты өмір салты дегеніміз — дұрыс тамақтанып, күн сайын спортпен айналысып, таза ауада серуендеу. Мұның барлығы да салауатты өмір салтын қамтамасыз етеді. Спортпен айналысатын адамдар құрдастарына қарағанда ұзақ өмір сүреді. Дұрыс тамақтану теріні жақсартып, ағза қызметін ретке келтіреді. Таза ауаның ағза үшін пайдасы мол. Кез келген адам аман-сау жүргісі келеді. Денсаулық дегеніміз — тек биологияға ғана емес, қоғамға қатысты ұғым. Жақсы денсаулық — бұл өмірдің жақсы жағын танып, еңбектену. Жан мен тәннің саулығын қамтамасыз ететін түрлі рәсім бар. Мысалы, су рәсімі. Ол ағзаны тұмау секілді түрлі аурудан сақтандырады. Мұнымен қатар, күн ванналарының пайдасы мол. Денсаулығын күтетін адамның артықшылықтары көп болады. Ол өзіне қиянат жасамау керектігін біледі. Өздерінің салмағы бойына сай, бұлшық еттері қатты болады. «Тәні сау адамның жаны да сау» деген сөз дұрыс айтылған.
Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/shygarma/5128-bizdin.html#read
© www.ZHARAR.com