2-тапсырма. 19-бет. Мәтінді оқи отырып, құрылымына сай қарапайым
жоспар құрыңдар.
Мәтін тақырыбы:
І. Кіріспе бөлім:
ІІ. Негізгі бөлім:
Ш.Қорытынды
Соулем:Сөйлеу мәдениетіне баулу, тәрбиелеу – халықтың ата-бабадан
келе жатқан игі дәстүрі. Бірде баласы:
Әке, дұрыс сөйлегенде қалай сөйлеу керек? – деп сұрайды.
Сонда Бөлтірік шешен:
Жатқа сөйлеме,
Жаманға сөйлеме,
Асырып сөйлеме,
Батырып сөйлеме.
Жаман сөзден жақсы сөз дұрыс.
Жаманға айтқан сөзден
Жақсыға айтқан сөз дұрыс.
Ойсыз сөзден ойлы сөз дұрыс.
Ойсызға айтқан сөзден
Ойлыға айтқан сөз дұрыс.
Айтылмай қалған сөзден
Айтылып қалған сөз дұрыс.
Сөйлемес жерді білсең,
Сөйлемес жерде сөйлемей қалуды білсең,
Бәрінен де сол дұрыс.
1)Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Одан асқан бұрыңғы-соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ .Ардақты ақын Абай қараңғы заманда шырақ жаққан, терең мағыналы сөзі атадан балаға,немереден шөбереге беріліп отырған. Халық- пенен Абай арасы күшті махабатпен жалғасқан.
Объяснение:
2)Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.
Қысқаша шолу
Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан Орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.
Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді.Медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болады. Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми тағы басқаларды оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. , Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенев, Н.Г. Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Джордж Байрон сияқты ақындарды оқып, Дрепер, Спиноза, Спенсер, Льюис, Дарвин сынды ғалымдардың еңбектерін зерттейді
Қазақты тану үшін Абайды оқу қажет, ал Абайды түсіну үшін азамат болу шарт. Абайды тану - қазақтың өзін-өзі тануының, басы да, соңы да! Абайды тану - Абай айтқан сындардан толық қорытынды шығару деп білеміз. Айдай анық нәрсе, Абай ақын ғана емес, ол өлеңдері арқылы өз халқының төрдегі басын есікке сүйреп келген, басты міндерін батыл көрсетіп берген тұңғыш дана сыншымыз да!Одан асқан бұрыңғы-соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ .Ардақты ақын Абай қараңғы заманда шырақ жаққан, терең мағыналы сөзі атадан балаға,немереден шөбереге беріліп отырған. Халық- пенен Абай арасы күшті махабатпен жалғасқан
Объяснение: