В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
katikatikatiilozre2d
katikatikatiilozre2d
25.11.2021 01:31 •  Қазақ тiлi

2- тапсырма. 2- мәтінді оқып, жаныңа рахат сыйлайтын өзіңнің бос уақытыңдағы «сүйікті хоббиіңді» 2-3 сөйлеммен​

Показать ответ
Ответ:
25409
25409
29.03.2021 19:34

Табиғатта жануарлар мен өсімдіктер бір- бірімен тығыз байланысты болады. Жануарлар тек өсімдіктермен қоректеніп қана қоймайды, сонымен қатар оларға пайда да келтіреді. Олар атмосфераны көмірқышқыл газымен байытады, топырақты қиларымен тыңайтады, өсімдіктерді тозаңдандырады (насекомдар , кейбір құстар) бір ауданнан екінші ауданға таралуына көмектеседі. Жер бетінде және суда өмір сүретін хайуанаттар а тамақ, бағалы аң түрлерін және тағы басқа да шикізаттар береді. Бүгінде дүние жүзі халықтарының жартысына жуығына белоктік заттар жетіспейді. Оның ішінде хайуанаттардан алынатын белокты заттардың жетіспеуі 3 млн тоннаға жетеді.Бұл 15 млн тонна ет деген сөз.Сондықтан да мал шаруашылығын ғана дамытып қоймай, сонымен қатар балық және аңшылық шаруашылықтарын жедел жолға қоюдың да үлкен маңызы бар.Оны Қазақстан мысалынан айқын көруге болады.

Біздің елімізде табиғат байлықтарының бірі – жануарлар дүниесі.Жалпы көлемі 2754 мың шаршы километр жерді алып жатқан Қазақстан территориясының ормандары мен кең байтақ жазық даласында, өзен-көлдерінде құнды тері, дәмді тамақ, дәрі-дәрмектік шикізат беретін жан-жануарлардың көптеген түрлері тіршілік етеді.Оған Қазақстанда балықтың 104 түрі, құстың 488 түрі және сүт-қореткілердің 175 түрі өмір сүретіндігін айтсақ та жеткілікті.Елімізде осындай табиғат байлықтары қорғауға алынып, олардың қорының молаюына мүмкіндік жасау нәтижесінде аң – құстардың бірнеше түрінің саны айтарлықтардың өсіп, халық шаруашылығына пайдаланып отыр. Бұл ретте Қазақстан бағалы аң терісін дайындау жөнінен барлық республикалар ішінен екінші орын алады. Республикамызда тек соңғы бес жылда 16,5 миллион сомға аңдардың баңалы терілері дайындалып, мемлекетке өткізілді. Соңғы он бес жыл ішінде Қазақстанда бір миллион 350 мыңға жуық ақбөкен ауланып, одан 23 – 25 мың тонна ет, 35 – 40 тоннадай дәрі жасалатын мүйіз өндірілді. Тек ақбөкен аулаудан алынған. Жануарлардың белгілі бір тобын қорғау ертеден қолға алынып келеді. Қазақстан конституциясына сәйкес жануарлар дүниесі мемлекеттік меншікке жатады — бүкіл халықтың игілігі.

0,0(0 оценок)
Ответ:
123gordeev
123gordeev
09.03.2021 11:24

Эссе

Туған жерге тағзым.

Жоспар.

І Қасиетті мекен.

ІІ Туған жер үшін қызмет ету – әркімнің парызы.

ІІІ Сүйікті Отаным – Қазақстан.

Әр адамның өмірінде туған жердің алар орны зор.Себебі,ол жерде адам шырылдап дүние есігін ашты,алғашқы қадамдарын басты,білім алды,ер жетті,азамат атанды.Халқымыз:"Әркімнің туған жері - Мысыр Шаһары" дегендей,оның әр тау-тасы,өзен-көлі мен ну-тоғайы жаныңа ең жақын,ең ыстық.Расында,сонау ел басына күн туған зар заманда ата-бабаларымыз туған жердің топырағын бір иіскеу үшін айшылық жерден ат арытып келген.Ал енді біреулері, керісінше,туған жерін тастап шет елге асыға кетеді.Осындай кезде "Өз үйім - өлең төсегім" дегенді ұмытпау керек.Қазыбек би:"Алтын ұяң – Отан қымбат,туып өскен елің қымбат,кіндік кескен жерің қымбат" - деп туған жердің қасиетін текке ерекше бағаламаған.Сондықтан әрқайсымыз Отанмызды ардақ тұтып,оның тарихын жете білуіміз керек.Ер жеткен соң,туған жердің гүлденуі үшін кішкентай да болсын үлесімізді қосу - біздің ең алғашқы парызымыз.Туған ауылға, жерге көмек көрсету үрдісі бүгінде қанатын кеңге жайып келеді. Әсіресе, бұрын мектеп бітірген жастардың өздерінің 10, 20 жылдық кездесулері кезінде туған ауылдарына, білім алған мектептеріне  материалдық көмек ұсынуы көңілге қуаныш ұялатады.Бүгінмен тоқтап қалмай,ертеңге ұмтылып,Отанымыздың,Қазақстанның дамуына ат салыссақ деймін.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота