2-тапсырма. Берілген сөйлемде сипатталған қала атауын тауып жазыңдар. 1
Иранның қола табағының, қытайдың фарфоры мен жапонның фаянс тостағанының сынығы табылған қала.
2
Қазақ хандығының орталығы болған, мұсылмандар үшін «Екінші Мекке» саналатын тарихи қала аты.
3
Киіз үй тәрізді күмбездеп салған үйлерінің қабырғалары әсем қыштан қаланған және үйлердің есіктері түстікке қаратылып салынған тарихи қала аты.
4
Аймақтық туризмді дамытуға бағытталған «Жаңа Жібек жолы» форумы алғаш рет өткізілген қала.
КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК СОР
Лексикалық талдау
Талдау реті:
Сөйлемді оқы, ондағы өзің қалаған сөздің қандай мағынаны білдіріп тұрғанын анықта.
Сол сөздің сөйлемде кандай мағынада жұмсалып тұрғанын анықта (тура ма, әлде ауыспалы ма)
Мүмкіндігіне қарай, сөздің синонимін, антонимін, омонимін тап
Сөздің қазақ тілі сөздік құрамының қай тармағына жататынын дәлелде.
Талдау үлгісі:
Аманның жылы сөздері ерекше әсер етті.
жылы — жағымды, мейірімге толы деген мағынада, ауыспалы мағынада.
жылы, шуақты, ыстық, мейірлі — синоним; жылы — суық — антоним:
жылы — жалпылама қолданылатын сөз.
Сөз мағыналарының шартты белгілері:
омоним O ←→ O
синоним O ≈ O
антоним O →← O