2-тапсырма. Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдай отырып, толықтауыш қызметінде тұрған сөздердің мағынасын, жасалу жолын анықтаңдар 1. Мәкiш те Абайдан осы жөннен жауап естімекке ынтық сияқты (М.Ə.). 2. Мен әжемді дүниедегі ең бақытты ананың бірі санайтынмын С.Мұр.). 3. Ажар күндегі әдетінше Асанбайдың қолына торлама дорбаны ұстата берді (Ғ.М.). 4. Мен Абайды ақын деп қана емес, ойшыл, философқа балап оқыдым (Ә.Н.). 5. Өмірінде мұндай қорлықты көрме- ген қасқыр жанталасып тулап жатыр (Ә.Ә.). m АҚарамен жазылған сөздерге лексикалық талдау жасаңдар.
Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.
Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 25 жыл. Жиырма бес жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.