2-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін пайдаланып, ұжымдық қарым-қатынасқа қатусушы тұлғаның (сыныптасың, досың, ересек адам және т.б.) адамгершілік портретін суреттеп жазыңдар. Сөз тіркестері: жаныңа бір жылылық сәулесін себетін, мерейіңді тасытып, абыройыңды арттыратын, адамдарға нұр сыйлайтын, көңілге қымбат сыр сыйлайтын, ашық-жарқын пейіл, адамдық ықылас, адамдық қасиет,мейірім шашқан шапағатты.
Менің үйім
Біз қаламыздың орталығында төрт бөлмелі үйде тұрамыз. Үйіміз тоғыз қабатты үйдің үшінші қабатында орналасқан. Үйіміздің бөлмелері кең. Қарындасым екеуміздің әрқайсымызда өз жатын бөлмелеріміз бар. Жақында ата – анам үйге жөндеу жұмыстарын жасап, ас үй мен қонақ бөлмесін біріктірген болатын. Барлығымыздың ойымызша бұл өте ыңғайлы, әрі қонақ бөлмесі де кеңейіп қалды.
Үйіміздің ауласы да өте керемет – үлкен кісілер демалып, көлеңкеде отыратын ыңғайлы орындықтар, кішкене балалар ойнайтын ойын алаңы да бар. Ауланы осы қалпында ұстап тұру үшін көктем келісімен көршілер бірігіп, есік алдында сенбілік өткіземіз, себебі ауламыздың тазалығы өзімізге жақсы.
Үйдің орналасқан жері де өте ыңғайлы, қаланың орталығы болғандықтан кез – келген бағытқа қоғамдық транспорт жүреді. Үйіміздің дәл жанында ірі сауда орталығы, аурухана, мектеп, кітапхана, түрлі банктер мен кішігірім дүкендер орналасқан. Мектеп жақын болғандықтан мектепке он минут ішінде жаяу барамын.