2-тапсырма. Берілген сөздерді дұрыс нұсқада жөндеп, сәйкес бағандарға жазыңыз. / / Сөздер: қорғауға алынды, хайуанаттар бағы, он жетінші, Барсакелмес, біреу, Қызылкітап, адамзат,зиянды, жан-жануарлар, халықаралық, қоректенеді, жиырма бестен, пайдалы, бауырымен жорғаулаушылар , бір мың, биоресурстық , екі түрі, мекендейді, конвенция, қоршаған орта, аққу, әдемі, биоалуантүрлілік, Раушан, жабайы,
Ананың пейілі
Ана деген әрбір адам үшін өмірдегі ең асыл жан. Аналарымыз бізге өмір сыйлап, ақ сүт беріп, тәрбиеледі. Аналарымыз пейілі кең, мейірі мол, кешірімді жандар.
Қандай ана болмасын, өз баласы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, ауырып қалса, емдеуге бар күшін салады.
Бойымыздағы бар жақсы ізгі қасиеттер бізге ана сүтімен дариды, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.
Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Қазақта "Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың" деген нақыл сөз бар.