2-тапсырма. Берілген тұжырымдамалар бойынша келісу/келіспеу себебін айтып, өз ойыңызды білдіріңіз. Высказывайте свое мнение, указывая причину согласия/несогласия по заданным вопросам. Денсаулық адамның ең қымбат дүниесі.
Біздің елдің спортшылары мақтауға лайық емес
Отбасымда анам — дәрігер. Анамның жолын қуып мен де дәрігер болғым келеді. Маған ешкім сен дәрігер бол немесе басқа маман иесі бол деп айтқан жоқ. Бұл — өзімнің жүрек қалауым.
Негізі ақ халатты дәрігерлерге кішкентай кезімнен қызығатынмын. Дәрігерлер адам жанының арашашысы ғой. Мен сол ақ халаттылардың бірі болуды армандаймын.«Арман адамға қанат бітіреді» деп тегін айтпайды. Адамның арманы көп болады. Менің де алдыма қойған мақсатым көп. Ең алдымен дәрігер болғым келеді. Мектепте жақсы оқып, дәрігердің оқуына түссем деп қиялдаймын. Ауырып жатқан адамдарды емдеп, дәрі беріп, ине салып, сауықтырсам, бәрі маған қызыға қарайтын болады. Әрі көп адамдардың батасын да алар едім. «Батамен ел көгереді» дейді. Көп бата алсам, өмірде жолым оңғарылып, білікті дәрігер боламын. Медицина ғылымымен айналысамын. Менің ауылымда тіпті сырқат адам болмас еді деп армандаймын.