2 - тапсырма Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңыз. Кәсіп атауларын пайдаланып, 2-3 сөйлем құрыңыз, жазыңыз.
Арқар менен құлжаны ... үшін жаратқан, Алтын менен күмісті ... үшін
жаратқан. Шеберді ... асырайды, Қасқырды ... асырайды, Егіншіні ... жүзі асырайды. Малды баға білмеген ... таба білмейді. Жұмысы жоқтың ... жоқ .
Жаман етікші ... таңдайды, Жаман жігіт ... таңдайды Ерінбеген ... болады.
Керекті сөздер: кетпеннің, мерген, зергер, ырысы, қыз, саусағы, аяғы,
пайданы, біз, етікші.
Сенің денсаулығың қалпында болса, бәрі тамаша болады. 12 мүшең сау болса Жаратқанға Шүкір айту қажет. Қазіргі таңда денсаулығына қолайсыз қарап, опа шегіп жатқан адамдар қаншама, бірақ сенің денің сау. Қолда бар алтынның қадірін білу керек..
Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.