2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жалғаулықтарды қойып, сөйлемді жаз. 1. «Ұлы Жібек жолы» Қоғам ... адамзат тарихындағы аса маңызды жетістіктердің бірі. 2. Ол Еуропа ... Азия ... Жерорта теңізінен басталып, Қытайды кесіп өтіп, сол заманғы батыс пен шығысты байланыстырған үлкен сауда жолы. 3. ... I-II ғасырда «Ұлы Жібек жолы» арқылы сауда, дипломатиялық байланыс жақсы дамыған. ... VII-X ғасырларда жолдың халықаралық маңызы артқан. 4. «Жаңа Жібек жолы» атты жобада Қазақстанның Азия аймағында ең ірі іскерлік .. транзиттік хабқа айна- луы туралы айтылған. 5. 2013 жылы Астанада Назарбаев университетінде болған кездесуде Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин «Жібек жолының экономикалық белдеуін құру» туралы идея ұсынды. 6. «Ұлы Жібек жолының» экономикалық белдеуін қолдау халықтар достығын күшейту мақсатында Қытай Халық Республикасы «Ұлы Жібек жо- лымен» мыңдаған ли» атты халықаралық экспедиция ұйымдастырды.
Әрине, бұрынғы ән-жырлардан хабарымыз да жоқ. Дегенмен қазақтың ұлттық салт-дәстүрі барынша жаңғыратын, барынша көрініс табатын күн Наурыз деп біліп, бұл күні ақты мол қылып, дастарқанды толтырып, Наурызға арналып шығарылған жаңа әндерді шырқаймыз. Ұлыстың ұлы күнінде шырқалатын ән ретінде, ең әуелі, Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Талғат Сарыбаевтың «Наурыз-думан» әнін танимыз. Одан кейін де қаншама әуезді әндер туып жатыр. Құдайға шүкір. Ал өнертанушы Ерлан Төлеутай Нұх пайғамбар заманымен байланысты Наурызда қазақтар өлең-жырдан кенде болмай, тұрмыс-салт жырларын шырқағандығын айтады.