В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
kyrdmitr
kyrdmitr
10.04.2020 12:54 •  Қазақ тiлi

2-тапсырма . Мәтін бойынша кестедегі ақпараттың дұрыстығын тексер (1) № Сөйлемдер Дұрыс Бұрыс (дәлелде)
1 Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары, азық-түлік және басқа да тауарлармен алмаспаған.
2 Бүкіл Шығысқа аты әйгілі қала ең алғаш Сауран деп аталды

3 Қазақстан жеріндегі орта ғасырдағы шағын қалалардың бірі.

4 Жібек жолындағы белгісіз қалалардың бірі Отырар еді

Показать ответ
Ответ:
prosto5297
prosto5297
09.02.2022 06:30

Жер қойнауының сиқырлы жиһазын тамаша көрегендікпен аша білген академик Қаныш Сәтбаев – қазақ халқы мен Қазақстан тарихындағы зор құбылыс. Ол аса көрнекті ғалым-геолог қана емес, өз заманының әйгілі табиғат зерттеушісі, әлемдік өреге көтерілген ойшыл ғұлама. Қаныш Имантайұлы мемлекет және қоғам қайраткері ретінде, ғалымдығы мен шебер ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында Қазақстанның индустриялық даму жолындағы өркениетті үрдістің көш басында болып, кемеңгер ғалым атанды. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1899 жылы 12-сәуірде Семей облысы (Павлодар уезі), Ақкелін болысының № 4 ауылында (қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Теңдік ауылы) өз уақытында қазақтың игі жақсыларына белгілі болған ауқатты әулетте дүниеге келген.

Болашақ ғалымның әкесі Имантай Сәтбаев ауыз әдебиеті мен өз жерінің тарихын жақсы білетін, түркітектес һәм шығыс елдерінің әдебиетімен таныс аса сауатты адам болыпты. Имантай Сәтбаев қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановқа зор құрметпен қараған, оның әкесі Шыңғыспен жақсы таныс болып, сыйластық құрған. Орыстың белгілі ғалым-этнографы, Шоқан Уәлихановтың бірге оқыған досы Г.Н.Потанин Ресейідің географиялық қоғамының ауыз әдебиетін жинастыру кызметіне Имантай Сәтбаевтың көмегін пайдаланған. Қ.И.Сәтбаевтың анасы Әлима ­Иса­­қы­­зы кенже ұлы Қаныш бес жасқа кел­генде қайтыс болған. Жас Қаныш Имантайдың бәйбішесі Нұрым Тасболатқызының мейірбан әрі құтты бауырында өсті. Болашақ ғалым өз әкесінен, ауылдық молдадан, оған қоса жергілікті екіжылдық Ақкелін мектебінен алғашқы білім алды. Бала Қаныш сол күндерден-ақ ерекше ұғымталдық қабілет танытты. Бұл жайында көп жылдардан кейін «Өмірдің төрт мезгілі» атты кітабында академик Ш.Ш.Шөкин былай деп жазады. «Мені бір көргенмен жадында сақтап қалғыш мінезі талай тандантты. Арада он жыл өтсе де бір ұшырасқан адамды кеше ғана кездескендей ұмытпайтын». Ауыл мектебінен кейін оқуын Павло­дар­дағы екіжылдық орыс-қазақ учили­щесінде жалғастырған жас талант оны үздік аяқтады. Сол жылы Семейдегі мұғалімдер семинариясына түсіп, 1918 жылы бітіріп шықты. 1918-1919 жылдары Семейдегі педагогикалық курстарда жаратылыстану пәнінің мұғалімі, 1919-1920 жылдары Ақкелін болысындағы 4-ауылда мұғалім, 1920-1921 жылдары Баянауылда халық судьясы қызметтерін атқарды. Жас Қаныштың қалыптасуына ата-анасы, оқыған ортасы және сол заманның озық азаматтары — туған ағасы Ғабдулғазиз Имантайұлы Сәтбаев, немере ағалары Әбікей Зейінұлы Сәтбаев пен Әбдікәрім Жәмінұлы Сәтбаев үлкен әсер етті. Үшеуі де 37 жылдың жазықсыз құрбаны болды. Ағаларының қазасы Қаныш Имантайұлы­ның қабырғасын қайыстырды, өзінің болашағын терең ойлауға мәжбүр қылды. Сәтбаев өмірбаянының осы жағы Шәм­шиябану Қанышқызы Сәтбаеваның «Сәулелі әулет» атты кітабы жарық көр­генше жан-жақты айтылмады. Ағаларының саяси репрессияға ұшырауы, Мекке сапарында дүние салған атасы Сәтбайдың қажы­лығы академиктің ішінара қарсыластары үшін тоталитарлық жүйенің идеологиялық қырсығын тигізуге қару болды. Қаныш Имантайұлының азамат болып қалыптасуына Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай ­Алтынсарин, Сұлтанмахмұт Торайғыровтардың үлгілі өмірі мен еңбектері әсерін тигізді. Ол Абайдың поэзиясын жақсы игеріп, оның көптеген шығармаларын жатқа айтып машықтанды, лирикалық әндерін үздік орындап жүрді. Студенттік жылдарында Ш.Уәлихановтың шығармаларын терең талдап, мұқият оқыды. Шоқанның Қостанай төңірегіндегі ақын-жыраулардың аузынан жазып алған, әйгілі Едіге батыр жайындағы «Ер Едіге» эпосын қазақ тіліне аударады. Осы еңбегі 1927 жылы Мәскеуде басылып шықты. «Бұл аңызды қазақшаға қайта аударуымның негізгі себебі — бұрынғы Мелиоранскийдің аударған нұсқасында аты қазақша, заты кітапшілдеу ноғайша болып кетуіне байланысты» деп Қаныш Имантайұлы анық жазды. Бұл еңбегін ана тіліне деген үлкен қамқорлығы һәм тіл ұстартуға қосқан тамаша үлесі деп білеміз.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Долгинцев
Долгинцев
22.05.2022 15:54

Задание

1.Ақ құба, талдырмаш, көзі қап-қара, үріп ауызға салғандай. 2.Жасында болыстың үйінде бұзау бағып өсіпті. Ол уақытта болыстың үйінде ауылнай учитель болатын. Балалармен араласып жүріп учительден оқып,төрт жылдан соң мектепті бітіріп шығыпты. 3.Енді , міне, бүгін батылдығымен, бала кезіндегі еркелігімен, мақпал қара меңімен көз алдында тұрды да қалды

А. Әбдірахман

Ә. Ұлпан

Б. Шұға

2.Ұлпан бейнесі туралы ойларыңды "ПОПС

фомуласы" арқылы білдіріңдер.

1. "Менің ойымша,..."

2. "Себебі мен оны былайша түсіндіремін..."

"Оны мен мына дәлелдермен,

фактілермен дәлелдей аламын..."

3."Осыған байланысты мен мынадай

шешімге келдім ..."

МНА СУРАКТАРГА ЖАУАП БЕРИНДЕРШ БЕРЕМ

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота