2- тапсырма Мәтін бойынша негізгі ақпаратты және қосымша
ақпаратты тап.
Жылқы төрт түліктің бірі. Жылқы иесі- Қамбар ата.Қазақ халқында
жылқыны құрметтеп, қасиет деп жоғары бағалаған. Жылқы туралы аңыз
әңгімелер, шығармалар, өлең-жырлар, ертегілер өте көп. Жылқы балауы
сүйкімді, әрі жүйрік болып келеді. Жылқы
құлын, тай, құнан, дөнен, айғыр деп аталады. Жылқы сымбатты, жануар.
Сирақтары ұзын, көздері ботадай әдемі. Жылқының дене бітімі көздің жауын
алады. Жылқы қасиетті, киелі жануар. Жылқы қымызы бізге пайдалы дл
қырық ауруға ем. Жылқы еті өте сіңімді Сондай- ақ жылқы малы адамды
қауіп-қатерден қорғайды.Бұрындары ата- бабамыз жылан жоламасын деп
қастарына жылқы байлап жатқан. Сонымен бірге ат үстінде көп жүрген адам
буын ауруына шалдықпайды екен.
Дереккөз: https//www.zharar.com/kz/shygfrma/2681-horse.htm
Ежелгi түркiлердiң арғы ата-тегi саналатын сақтардың батырлық жырлары арасындағы мазмұн, түр, стиль бiрлiгi көркемдiк дәстүр жалғастығы тұрғысынан ғыл. негiзде дәлелдендi. Сол себептi б.з.б. дәуiрлерде шығарылған «Алып Ер Тоңға”, «Шу” батыр, «Атилла”, «Көк бөрi” және «Ергенеқон” дастандары бүгiнгi Қ. ә-нiң қайнар-бастаулары болып табылады. Сондай-ақ аталған қаһармандық дастандар өзiнен кейiнгi тарихи кезеңдердегi — Түрiк қағандығы тұсындағы (8 ғ.) әдеби жәдiгерлердiң («Күлтегiн”, «Тоныкөк”, «Бiлге қаған” жырлары) жазылуына үлгi-өнеге, негiз болды. Түрiк қағандығы тұсындағы жазба әдебиет өзiнен бұрынғы сақтар мен ғұндардың ауыз әдебиетi үлгiлерiмен генезистiк, типол., дәстүрлiк үндестiкте дамыды.
Түрiк қағандығы дәуiрiнде шығарылған ерлiк эпосының бiрi — «Қорқыт ата кiтабы”. Ал, бұдан кейiнгi Қарахан мемлекетi тұсындағы немесе ислам дәуiрi (10 — 12 ғ.) деп аталатын тарихи кезеңдегi түркi халықтарының қоғамдық-мәдени даму тарихындағы Қайта өркендеу — Ренессанс дәуiрi деуге болады. Бүкiл түркi қауымын әлемге танытқан Әбу Наср әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұт Қашқари, Жүсiп Баласағұни, Ахмед Иүгiнеки, Қожа Ахмет Иасауи, Сүлеймен Бақырғани, т.б. осы Қайта өркендеу дәуiрiнде тарих сахнасына шықты. Олар өзерiнiң ғыл. және көркем туындыларында гуманистiк идеяларды, адамгершiлiк пен қайырымдылықты, т.б. iзгi қасиеттердi көтердi. Бұған әл-Фарабидiң «Риторика”, «Поэзия өнерi туралы”, ибн-Синаның «Даныш-намесi” («Бiлiм кiтабы”), әл-Бирунидiң «Хикметтерi” («Даналық сөздерi”), Махмұт Қашқаридiң «Диуани лұғат ат-түрiк” («Түркi сөздерiнiң жинағы”), Баласағұнидiң «Құтты бiлiгi”, Иасауидiң «Диуани хикметi” («Ақыл кiтабы”), Бақырғанидың «Бақырғани кiтабы”, т.б. толық дәлел бола алады.