2-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрыңыз. Бақ-дәулет – бірлікте
Қазақстандағы ұлттар достастығын көзбен көріп, жүрекпен сезіп жүргендердің бірі менмін. Көңілі даладай дарқан қазақ халқы қазір барлық ұлт өкілдерін өзінің туғантуыстарындай көреді. Бір елде жүзден аса ұлт өкілдерінің тату-тәтті болып дауласпай, жауласпай өмір сүріп жатқаны бұрын-соңды тарихта болмаған жағдай. Өйткені, халықтар достастығы біздің саясаттың басты ұстанымы. Көрші мемлекеттердегі ұлтаралық даужанжалды және Ресей мен Украина арасындағы қантөгісті ақпарат құралдарынан естіп, көргенде мамыражай тыныштықтағы Қазақстан бейнесі жұмақты елестетеді. Ұлтаралық, дінаралық қақтығыс, соғыстан кейбір мемлекеттердің жойылып кеткенін тарих дәлелдеді. Сондықтан біз ұлттардың достығы мен бірлігіне қуанамыз. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары кейбір мысықтілеу саясаткерлер «Қазақстан көп ұлттылығынан түбінде күйрейтін ел» деген сыңайлы пікірлер айтып, үрейлендірген болатын. Ал керісінше Қазақстанда ұлтаралық достық пен келісім орнап, ең бейбіт ел деген атаққа ие болды. Қазір ақпарат құралдарында, теледидар арналарында Қазақстандағы халықтар достастығына байланысты әңгіме, сұхбаттар, көрсетілімдер жиі беріле бастады. Өйткені оның өзіндік сыры бар. Қазақ ежелден бауырмал болғандықтан ұлт-нәсіліне қарамай, жалпы, адамзатты жақсы көреді. Ұлы Абайдың «Адамзатты сүй» дейтін қағидасы бар емес пе?! Адамдар арасындағы сүйіспеншілік пен махаббатты қасиетті дініміз ежелден уағыздап келеді. Бойында бұрыннан исламдық рух бар ұлт ынтымақ пен достықты қадірлейді. Кеңес үкіметі құндылықтарының бірі ұлтаралық достықты, ынтымақты алғаш орнаған күннен бастап басты ұстанымы етті. Қазақстандағы халықтар достастығының орнығуы Кеңестік саясаттан бастау алып, жалғасқанын ұмытпауымыз керек. «Қазақстан - жүз ұлттың Отаны» деген қағиданы біз жүрегімізге құйып өскен ұрпақпыз. Қазіргі Қазақстан Халықтар Ассамблеясы туралы айтқанда оның кеңестік дәуірдегі тарихын есте ұстауымыз керек. Тәуелсіздіктен кейін ол өзгеше сипат алды. Сол кезде қалыптасқан халықтар достастығы қазір жалғасып жатыр. Бұл күнде Ассамблея атқарып отырған жұмыс сан алуан.
Объяснение:
-Сәлем!Қалайсың?
-Сәлем!Жақсымын
-Сен жанадан тіл үйреніп жүргенің рас па?Қай тілді үйреніп жүрсің?
-Ия,орыс тілін тереңірек оқып жүрмін.
-Басқа тілді үйрену үшін нені білуің керек?
-Менің ойымша көбірек сөздер жаттауың керек.
-Кем дегенде неше сөз игерсең, ақпарат есігі ашылады?
-Күніне 50 60 сөз меңгеремін
-Қазақ тілін білген адамға қай тілдерді түсіну оңай?
-Түрік,өзбекше қысқасы түрік тілдерін түсіну оңай.
-Орыс тілін білетін адамға нені тез меңгереді?
-Орыс тілге ұқсас тілдерді түсіну оңайға түседі.Және сен жаңадан тілді үйренесің.
ответ:Қандай заман болмасын маңайына шуақ сыйлайтын қазақ халқының қатары сиремеген. Қайырымдылықты ғылыми тұрғыда зерттеушілер интеллектуалдық һәм этикалық деп екіге бөледі. Этикалық түрі – ұстамдылық, батылдық, жомарттық, әділдікпен сипатталса, интеллектуалдық қайырымдылыққа даналық, парасат, ақыл-ой тапқырлығы мен өткірлігі, сезімталдық жатады. Ислам ғұламалары болса оны зекетпен тығыз байланыстырады. Батыс зерттеушілері «қайырымдылық жарысы» әлеуметтік жобасын ұйымдастырып, онда Қазақстан 96-орынға орналасқан. Әлеуметтанушы мамандар жүргізген зерттеу нысаны ретінде 146 ел таңдап алынған. Нақты деректерге сүйенсек, жалпы 150 мыңнан астам адам әлеуметтанушылар ұсынған сауалнамаға жауап берген. Зерттеу қорытындысы бойынша, әрбір бесінші адам өмірінде бір рет болса да қайырымдылық жасап, еріктілер қатарында болған. Сауалнамаға қатысқандардың жартысынан көбі өздері танымайтын жандарға қол ұшын беруді әдетке айналдырған. Сондай-ақ олардың 30 пайызы қайырымдылық ретінде коммерциялық емес ұйымдарға ақша аударған. Негізінен әлемде жақсылық жасаушылардың көбі ер адамдар екен. Соңғы жылдары еріктілердің қатарында әйелдердің де саны артқан. Оған себеп мамандар қайырымдылықтың пайдасын жиі зерттеп, ел арасында насихатын күшейткені болса керек. Солардың бірі белгілі әлеуметтанушы Дейв Адамс. Ол қайырымдылыққа ерікті болуға итермелейтін себептердің тізімін жасаған. «Игі істер денсаулыққа оң әсер етіп, адам өмірін ұзартады. Сондай-ақ жеке тұлға ретінде дамуға көмектеседі» дейді зерттеуші. Қайырымдылық жасаудан көш басында Индонезия, Австралия, Жаңа Зеландия, АҚШ және Ирландия тұр. Ауғанстан, Морокко және Йемен елдерінде керісінше. Ал Қазақстан халқының 28 пайызы қайырымдылық жасауды дағдыға айналдырған.
Объяснение:нақтырақ айтсақ қазақ халқы қайырымдылық жасаудан ерінбейтін мысалға алсақ қаншама қуғыншы адамдарды өз үйлеріне жайғастырған көршілерінен көмегін аямаған кең пейілді халық десек артық болмас.