2-тапсырма.. Мәтінді оқыңдар .Мәтінге ат қой. Қазақ халқының негіз- бөлген. Осы төрт мүлік малдың әрқайсысын
шаруалар барынша өнімді, орынды пайдалана білген. Мал бағудың
өзіндік әдістерін, малды күтіп-баптаудың тәсілдерін жете меңгерген.
Жайылымдарды жыл мезгілінің төрт мезгіліне байланысты тиімді
пайдаланып, көшіп-қонып отырған. Жайылымдар қыстау, көктеу,
жайлау,күздеу деп аталған.
Қазақ халқы егіншілікпен де айналысқан. Оңтүстік өңірде ежелгі Сау-
ран, Тараз, Отырар қалаларының маңайында ескі арықтардың ізі сақталған.
Егінші қазақтың ертеден өсірген дақылдары — тары, күріш, жүгері, арпа,
сұлы. Сонымен бірге бау-бақша да еккен.
1Менің ойымша
2,Мәтін не туралы,мысалы
3.себебі
4.Қортынды
1.Қазақ халқы қандай шаруашылықпен айналысқан?
А) киім, мал
В) зергерлік, көкөніс
С) мал, егін
2. Қазақ халқы қандай төрт түлік малды өсірген?
А) жылқы, ит, мысық
В) сиыр, қой, түйе, жылқы
С) қой шошқа, мысық, сиыр
3.Төрт түлік малдан қандай өнім алынады?
А) май, су, ет, шырын
В) сүт, шырын, май
С) сүт, май,ет
4.Мал шаруашылық мамандықтары?
А) мұғалім, оқушы
В) мал дәрігері, бақташы
С) жүргізуші, ұшқыш
5.Қандай дақылдар өседі?
А) арпа, күріш, сұлы
В) күріш, нан, шөп
С) сұлы, күнбағыс
Тәуелсіздік туралы.
«Тәуелсіздік» ұғымы кімнің болмасын бойында мақтаныш сезімін оятып, ұлтжандылыққа жетелейтіні анық. Тәуелсіздік таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз, әрбір адам кеудесін көтеріп, мақтанып айтатын қасиетті ұғым. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.
Сонау ата-бабаларымыздың, аға-апайларымыздың рухын таптамас үшін, кейінгі ұрпақ тыныш елде мекен етсін деп ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен сақтап қалған жер үшін, атамекен ел үшін еңбектерін, төккен терлерін зая кетірмес үшін біз өз Тәуелсіздігімізді мықты әрі берік етіп сақтау - біз үшін міндет.
Сондықтан Сіздерге тілерім - Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болсын! Желтоқсанның ызғарлы желі енді соқпасын! Бейбіт заманда өмір сүріп, аспанымыз әрқашан ашық болсын! Бір шаңырақтың астында тату – тәтті өмір сүріп, еркіндігімізді сақтайық! Еліміздегі бейбітшілік пен ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсейік! Тәуелсіз Қазақстанымыз жасасын! Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Ұнағанын ал
Ғалымдар арасында климаттың өзгеру барысы туралы ортақ пікірлер жоқтығына қарамастан, сарапшылардың жалпы пікірі климаттық өзгерістің салдары жағымсыз болуы мүмкін дегенге келіп саяды. Мысалы, 1980 жылдан 2011 жылға дейін Еуроодақ елдерінің экономикасына тигізген тасқынның жалпы шығынын саралаған сарапшылар келген зиянды 90 миллиард еуроға тең деп бағамдады.
Осыған байланысты әлемдік ғылымда зерттеудің басым бағытын қоршаған орта климатына бейімдеуге назар аудару болып отыр. Ең бастысы, бұл басқа салаларға қарағанда, табиғи-климаттық жағдайларға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуші ауыл шаруашылығына тікелей байланысты.
Климаттық өзгеру
Халықаралық зерттеулер көрсеткіші бойынша, әлемнің кейбір аймақтары, сонымен қоса Орталық Азия, басқаларға қарағанда, климаттық өзгерістерге ұшырауы әбден ықтимал. Оның ішінде, Қазақстанның климатына әсер етіп, онсыз да толыққанды қолдауды қажет етіп отырған ауыл шаруашылығын күнкөріске айналдырған аймақтарға үлкен зиян келтіруі әбден мүмкін. Бұл аймақтардағы өнімнің босқа ысырап болуының 70 пайызы тікелей ауа райымен байланысты Ал, кейбір аймақтарда жағымсыз ауа райы салдарынан алынған өнімнің 50-70%-ға дейіні қолдануға жарамсыз болып қалып отыр.