2-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Тірек сөздерді анықтаңдар. Алатау тауы
Іле Алатауы, Күнгей Алатау,
Түсіндірме сөздік
Теріскей Алатау, Талас Алатауы, Қырғыз
Күнгей – күн
Алатауы, Жетісу Алатауы деген тау жоталары.
сәулесі көбірек
Бұлар биік, шыңды-құзды, жоғарғы жағы қалың
түсетін жағы.
мұздықтар мен қарлы шыңдар болып келеді. Теріскей – сол-
К ардан таулар үнемі ала болып түстік жағы.
жатады. Соған байланысты Алатау аталған.
Алатаудың табиғаты әсем, етегі толған ел, суы шипалы, ауасы таза,
жері құнарлы. Жетпіс жылдай еліміздің астанасы болған жұмақ
қала Алматы мен Талдықорған қалалары да осы таудың баурайында
орналасқан. Тау қойнауындағы сандаған демалыс және сауықтыру
орны, Медеу мұзайдыны, шаңғы спортына арналған кешенді орын-
дар Алатаудың мәртебесін арттыра түседі.
2) Түркістанда Қожа Ахмет Ясауидің кесені, 16 ғасырда салынған шығыс моншасы ескерткіштері бар.
3) Шығыс моншасының ешқандай есігі жоқ, бірақ мұнда ыстық ауа мен салқын ауа араласпайды.
2-тапсырма.
1. Көне қалалардың бірі - Түркістан. Түркістан - Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қала. Қаланың көне атауы - Яссы.
2. Түркістанда Қожа Ахмет Ясауидің кесені бар. Ахмет Ясауи ғұлама данышпан, ойшыл, ақын болған. Ахмет Ясауи кесенесі 8 жыл салынған. Кесенеде 35 бөлме бар.
3. Түркістандағы тағы бір тарихи ескерткіштердің бірі - 16 ғасырда салынған шығыс моншасы. Моншада 9 бөлме бар. Бір қызығы, моншаның бірде бір есігі жоқ. Бірақ мұнда ыстық ауа мен салқын ауа араласпайды.