В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
latyshevavera2
latyshevavera2
01.08.2021 00:48 •  Қазақ тiлi

2-тапсырма. Мәтінді оқы. Негізгі идеясын анықта. Бала енді асығып, өз шешесіне қарай жақындай беріп еді, Жұманның қатыны, «Қалиқа» деген бір жеңгесі:

Телғара! Айналайын Телғара! Соқталдай азамат боп кетіпсің-ау! - деп, мойынынан құшақтай алып, бетінен сүйді. ...
Содан кейін үлкен қатындар және осы топтағы үлкен еркектің, ағалардың да бір-екеуі сүйіп жатыр. Абайды шын балаға айналдырып жіберген — осы сүйістер еді.

Барлық үлкеннің құшағына амалсыз кезек-кезек кіріп болып, енді сытылып, шешесіне қарай баса берді. Абайдың өз шешесі - Ұлжан мен екінші шешесі, сұлу жүзді Айғыз қатар тұр екен.

Бала топтан шыға бергенде Айғыз күліп:

Пай, жаман қатындар сілекейлеп, баламыздың бетінен сүйер жер де қалдырмады- ау,- деп паңдана күлді де Абайды көзінен сүйді.
Кезек өз шешесіне келгенде ол сүйген жоқ. Қатты бір қысып, бауырына басып тұрды да маңдайынан иіскеді. Абайдың әкесіндегі тартымды салқындық шешесіне де көптен бері мінез болған. Бала осыдан арғыны күтпеуші еді. Бірақ бауырына басқанның өзінде де Абайдың жүрегін қатты-қатты соқтырған аса бір өзгеше жақындық білінді. Ана құшағы! Ұлжан көп ұстаған жоқ.

Әжеңе бар, әнеки! - деп үлкен үйдің алдына қарай бұрып жіберді.
Кәрі әжесі - Зере бәйбіше таяғына сүйеніп, ұрсып тұр екен.

Жаман неме, маған бұрын келмей, әкеңе кеттің-ау! Жаман неме! - дей беріп, қасына, құшағына немересі барғанда «жаман неменің» артынан лезде:
Қарашығым, қоңыр қозым... Абайжаным... - деп кемсеңдеп, жылауға айналып кетті.
Әжесі құшақтаған бойында үлкен үйге кірген Абай ымырт жабылғанша осында болды. Шешелері бұған біресе қымыз, біресе тоңазыған ет, біресе шай ұсынып тықпалай берсе де, баланың бойына ас батпады. Жөндеп ішкен де жоқ. Күні бойғы аштығы да ұмытылған сияқты.

Ас бере отырып, бойлары үйреніскен сайын шеше, жеңгелері баладан:

Елді сағындың ба, кімді сағындың?
Молда болдың ба?
Оқып болдың ба? — деген сияқтыларды қайта-қайта сұрады.
Абай өзге сұрақтарға жөнді жауап берген жоқ. Жалғыз-ақ: «Кімді сағындың?» дегенде:

Оспан қайда? Ол қайда жүр? - деп, өзінің кіші інісі тентек Оспанды бірнеше рет сұрап еді.
Ұлжан басында ол сұрауын елеусіз қалдырып, артынан тағы бір айналғанда:

Е, жүр дағы жынды неме. Бүгін осында маза бермеген соң әжең екеуіміз қуып шыққамыз, - деп әжесіне нұсқады.
Әжесі өзіне байланысты бір нәрсеге ишара қып отырғанды көріп:

Не дейді? Не деп жатырсыңдар, естімедім, - деп еді, Абай Оспан жайын айтып кеп, қатты сөйлеп:
Әже-ау, былтыр мұндай емес ең. Құлағыңа не болған, неге естімейсің - деді. Көптің ортасында отырса да, еріксіз жапа-жалғыз боп оқшауланып қалған әжесіне жаны ашып, құшақтап алдына жақтайды.
Әжесі түсінді де аз ғана босаңсып:

Балам-ай, әжеңде кеуде болмаса, не сымбат қалды? - деп, өзінің дағдылы мұңшыңына қарай беттеп еді, баласы қимады.
Жазыла ма өзі? Емдесе қайтеді? - деді.
Үй іші де, әжесі де құр күліп қана қойды.​

Показать ответ
Ответ:
самая29
самая29
19.04.2020 00:48
Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша. Негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, субстантивтенетін (заттанатын) сөздердің барлығына да жалғана береді. Мысалы: әкем, дәптерімдеген сөздер зат болса, Түйенің үлкені өткелде таяқ жейді (мақал) деген сөйлемдегі үлкені сын есімі субстантивтеніп тұр. Ердің екі сөйлегені - өлгені; еменнің иілгені - сынғаны (мақал) дегендегі сөйлегені, өлгені, иілгені, сынғаны деген сөздер - зат есім орнына қолданылып тұрған есімше формалар
Жекеше/копше деп болинеды.
0,0(0 оценок)
Ответ:
lusindrastsr
lusindrastsr
20.11.2021 06:26
Отан десем оралады ойыма
Ақсақалды, ақ шапанды қария,
Туған жерім - құт мекенім, дариям,
Егеменді елім, туым, әнұран,
Қанатымды қағып ұшқан жанұям.

Осы жолды аңсап еді еліміз,
Ар-намысты батыр туған жеріміз.
Мақтан етер бай мұрасы, салты бар,
Мен сүйетін қалың қазақ, халқым бар.

«Отаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Талай жылғы ұлы дүбір, 
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота