❖ 2-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Мәтін бойынша 2 дұрыс, 2 бұрыс ақпарат жазыңыз. (жазбаша/письменно) Отырардың бүгінгі құдіреті ше?.. Мәрмәр теңізінен басталып, ежелгі Бабыл жерінен шығып, Үнді жерімен өтіп, Хорезмді басып, Қытайға қарай жүретін «Бас Жібек жолы», «Жау жолы » осы қаланың үстінен өтеді. Саудагерлер Отырардың «Қан базарына» саудасын салады, кең сарайда қонып, дамылдайды, сосын тағы да таусылмас жолға шығады. Осының өзі туған қаласын салтанатқа бөлеп, байлыққа белшеден батыра берді. Атағын дүйім жұртқа жайды..
Әуелде араб жиһангездері Отырарды «Фараб» не «Бәрәб» деп жазып жүрді. Отырарды қазір ғұлама,өнерпаз, көріпкел, сәуегей, зергер мекен етеді. Шаһарды екі жүз мыңдай халық мекендейді; көшесінде сан жүздеген тасболат там, жәдігер, кешендер бар, монша, мешіт, саудахана, қышхана, гүртхана, әсем әуіздер, қорған мен соқпақтар бар.
«Жәдігер» деген - тастан салынған ымырат, «дің үй» деген - түрі киіз үй тәрізді күмбездеп салынған мекен, бұл екі құбылыс та шаһардың орталық көшесінде көп кездесетін.
Үй тас пен кешендерді көбіне диқандар мекендейді. Қаланың шеткі көшелерінде тасболат тамдар көп ұшырасады, тасболат тамдар киіз үй секілді дөңгелек емес, төрт бұрышты не қоржынды етіп салынған. Үйлерінің қабырғасы әрқилы әсем қыштан қаланған, оларға тән тұрақты құбылыс-есіктерінің біркелкі түстікке қарап тұруы еді. Тасболат тамдарды ұсталар, қолөнершілер, тоқымашылар жайлайды.
Ұлы Жібек жолы Байырғы заманда жердің түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда жүргізген. Алғашында ол қажетті заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары, азық-түлік және басқа да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды.
Ұлы Жібек жолының Қазақстан жерінен өткен жолы Сауран қаласы болды. Қазақстан жеріндегі орта ғасырдағы ірі қалалардың бірі. Жібек жолындағы тағы бір тарихи қала – Иасы, кейіннен Түркістан атанған. Түркістан ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Қожа Ахмет Иассауидің кесене ғимараты – бүкіл Орта Азиядағы сәулет өнерінің керемет үлгісі болып табылады.
Жібек жолындағы даңқты қалалардың бірі Отырар еді. Бүкіл Шығысқа аты әйгілі қала ең алғаш Фараб деп аталды. Әл Фараби атанған ұлы ғалым Әбу Насыр Ибн Мұхаммед шыққан қала.