2- тапсырма. Мәтінді оқы, өздік, сұрау, сілтеу есімдіктерді теріп жаз. \\ Прочитай текст выпиши с текста личные, вопросительные, указательные местоимения. ( ) Көшпелілер деген кімдер?
Көшпелілер өркениеті—мал шаруашылығымен айналысатын,белгілі бір қалыптасқан жүйемен көшіп-қонып тіршілік ететін адамдардың қауымдастығы, өркениеті. Көшпеліліктің шығуына географиялық орта мен ауа райы әсер етті. Көшпелілік белгілі бір геофизикалық, табиғи-климаттық аймақтарда қалыптасады. Бұл қандай аймақтар, олардың экологиялық жүйесі қандай? Әдетте, бұл — далалы, жартылай шөлейт, шөл және құрғақ далалар, тау бөктері, тау қойнаулары. Мұндай жерде көбінесе жаңбыр аз, жылдық ылғалдық мөлшері 200- 400 мм арасында ғана болады. Осындай аймақтарға Қазақстанда кіреді.
Көшпелі өмір салты ол халықтарды табиғатқа жақын болуға, табиғатты қадірлеуге,оның сырын тануға мүдделі етті. Сондықтан көшпелі елдерде «жабайы табиғат» деген ұғым мүлде жоқ. Көшпелілердің табиғат аясындағы өмірі жайында тарихшылар, философтар, орта rасыр ойшылдары тамсана жазды.
Сақтар туралы өзге елдердің зерттеушілерінің құнды жазбалары сақталған.Олар көшпелілерді «рухы биік, жаны таза, бейбітшілік сүйгіш, әділ, батыр, ұйымшыл халық» деп бағалады. Біздің заманымызға дейінгі V ғасырда өмір сүрген тарихшы Геродот көшпелі скиф - сақ тайпаларын мадақтап жазды.
Алайда, көшпелілер туралы теріс түсініктер бұрында, кейінде кездесіп отырды. Көне Қытайда «көшпелілер—жабайы, мәдениеттің қас жауы» деген түсінік қалыптасты. Еуропадада көшпелілерді «тағы, жабайы, өркениеттің жауы» деп есептеді. Себебі сақтар соғыс өнеріне жетік, жауынгер,батыр, ержүрек халық болды, сондықтан айналасындағы көршілері олардан қауіптеніп отырды. Ал кеңестік идеология көшпелілер туралы мүлде кері көзқарас қалыптастырды. Өйткені бұл саясат кез келген халықтың тарихын, дәстүрі мен мәдениетін жоюды мақсат етті.
Ана мейрім, шуақ нұр.
Жан иесін жаңартқан,
Аққан бұлақ, нәзік сыр.
Наурыз әлем, наурыз құс,
Сұлу дала, сағым түз.
Самғай ұшқан қарылғаш,
Аққу қаздар мамық төс.
Наурыз дала, наурыз гүл,
Тентек сезім, үнсіз тіл.
Ақ қайыңның аясында айқасқан,
Балуан білек, қыпша бел.
Наурыз жауын, наурыз сән,
Әсем әуен, сазды ән.
Қыз бозбала қыдырған,
Жаcыл желек, көк аспан.
Наурыз самал, наурыз таң,
Қалың орман ұйқысынан оянған.
Сағынышпен қауыштырған жұптарды,
Жылдың басы, он екі айда тоғысқан.