2-тапсырма. Мәтінде кездесетін оқшау сөзді анықтаңыз Шығыс ұлы! Сонау туған өлкең Арқаны есіңе түсірші. Ондағы мейірімді халықты, бізді тәрбиелеп өсірген Отан анань эске түсiрші! Сен
соларды сүйетін едің. Бүгін сол шын махаббатты іс жүзінде көрсету керек болып отыр.
Отан деген бір-ақ сөз. Бірақ осы бір сөздің мағынасына тең келер ешбір сөз жоқ. Сол ардақты Отан бүгін қауіпте тұр
Менің көз алдыма: «Қарағым ұлым, тағдырым сенің қолыңда», — деп тұрған ізгі ана - қазақ әйелінің бейнесі келеді. Ол маған Отан
өміріне төнген қауіпті аңғартады. «Ұланым, туған еліңді сақтап қал!» — дегендей болады. Осы лебіз жанды жанып, ку -қуатты
Тасытады.
Сақтаймыз, ана, өміріңді сақтаймыз, — дегiң келеді, сөзбен емес, іспен ақтауға ұмтыласың.
Ел қорғауға ер намысымен аттанған біздің алдымызда үлкен бел жатыр, Шығыс ұлы! Туған елдің келешегін сақтауға міндеттіміз.
Одағай
Шылау
Қаратпа сөз
Қыстырма сөз
Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстың кәсібі етіп, оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанат та құра білді. Халықтың қолөнеріне әдет-гұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керует, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі бау-басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс, таспа тіліп, өрім өріп, қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, адалбақан, асадал, бесік және т. б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасады.
Әже
І
Тоқыпты әжем алаша,
Бояуы қынық тамаша.
Көктемгі кемпірқосақты
Әжеміз жерге жасапты.
ІІ
Әже, әже, жатпашы,
Ауыр ойға батпашы.
Болайын мен дәрігер,
Десең; «Шипа дәрі бер!» -
Дәрі жасап берейін,
Бәрін жасап берейін.
Ауыртпаймын әжемді,
Ауырмайсың, әже, енді.
ІІІ
Ауылға шақырған кім?
Біздің Бәпи әже.
Сусынға ішкізгені не?
Қымыз, тары көже.
Не жегізді сыйлап?
Балқаймақ пенқұймақ...
М.Әлімбаев
Әжесінің сабағы
Ойыншықтың жиып ап жана түрін,
Түсіндірді ұлына ол ақырын:
Болса егер де қоянда қанша құлақ,
Соншасының мысықта болатынын.
Сәбилердің мінезі десек түрлі,
Қызықтырмас дәл мұндай есеп кімді:
Болса егер де сиырда қанша мүйіз,
Құлағы сонша екен есектің де.
Тағы айтады ұлына ойланып ап,
Болса егер де қанша доп қолда мына:
«Адамда да сонша бас бар, - дейді ол,-
Тек онымен болмайды ойнауыңа!»
Ж.Нәжімеденев
Аналардың анасы
Әпкем - әже баласы,
Әкем - Әже баласы.
Апамыздың ағасы –
Ол да әжемнің баласы.
Анам дейді мамашым:
Әже деген шамасы –
Аналардың анасы.
Ә.Табылдиев
Әжем туралы әңгіме
Саусағы сары ала жүзікті,
Әрдайым жайдары,
Жаз өнді,
Көп ертек білетін қызықты
Көрсеңдер аяулы әжемді!
Әлдекім әжемнің шашына
Әдейі бор жағып қойғандай.
Кимешек тартқандай басына
Болады ақша бұлт қонғандай.
Куәгер кешегі заманға,
Әжеңнен кәрі адам жоқ дейді.
Ал жасын анықтап санауға
Қолынан түспейді жүргенде
Бұрышқа апарып қояды
Даладан бөлмеге кіргенде.
Қ.Баянбаев
Әже
Сығырайған көзі көрінбей
Томар-томар былшықтан,
Отырса, бойы аспайды
Қолындағы ұршықтан.
Алдындағы көженің
Көрінбес беті қылшықтан.
Көжесін татпай әженің,
Жан болмайды құр шыққан?!
Сендер де тыңда, тентектер,
Тыйылып біраз шолжақтан.
М. Жұмабаев