2-тапсырма. Мәтіннің мазмұнынан түрлаулы және тұрлаусыз сөздерді жазып,кестені толтырыңдар.
Тапсырма. Мәтінді оқып,мәтіннің астындағы берілген тапсырмаларды орындаңдар.
Астана мәтіні
Қай елдің болса да, астанасының аты оның мемлекеттік рәмізі сияқты. Мысалы, Мәскеу десе — Ресей, Пекин десе — Қытай, Лондон десе — Англия мемелекеттерін көз алдымызға елестетеміз.
Біздің мемлекетіміздің бас қаласы — Астана. Бүгінде Астананың аты әлемге әйгілі. Бұл өңір-талай тарихи оқиғаларды бастан өткізген қасиетті өлке. Тарихшылардың айтуы бойынша, өткен ғасырларда осы күнгі Астана тұрған орын ғұндардың батыстағы бір ордасы болған.
Астана қаласы Солтүстік Қазақстан аймағында орналасқан. Бұл жердің ауасы таза, қысы қатал, жазы ыстық болады.
Астана — болашағы үлкен қала. Мұнда әсем, зәулім ғимараттар салынып жатыр. Ол-әлемдегі көрікті қалалардың бірі.
Астана іскерлік жаңа мәдени орталыққа айналды. Астана қаласы — жаңа Қазақстанның белгісі.
Басты кейіпкер Жамал - өз тағдыры үшін
күресуге дайын, сауатты, саналы қыз.
Бақыт жолында қандай қиыншылық болса
да күресуге дайын.
Ғали - сол замандағы оқыған,
мәдениетті жастарының жиынтық
бейнесі. Сырт келбетіне ақылы сай жігіт
Ғалидың әрбір іс-әрекетінен, сөйлеген ,
жазған хаттарынан бұл қасиет айқын
аңғарылады.
Медресе бітірген, мұғалім болып қызмет
атқарған. Саудамен айналысады. Ынталы
жігіт. Сүйгені үшін жанын құрбан етуге
дайын.
Сәрсенбай - жүздеген жылқысы, үш
жүздей қойы бар бай, момын адам.
Байлықтың буы басын айналдырып,
болыстыққа таласады. Байлығын босқа
шашып, сайланбай қалады. Өзіне жақтас
іздеп, болыстың інісі Байжанмен құда
болуды ойлайды.
Байжан - құбылмалы, қатаң адам.
Байжан бай, оның баласы Жұман,
сондай-ақ Жамалдың әкесі Сәрсенбай,
үлкен шешесі Қалампыр - ескі
психологияның адамдары. Оларға
адамгершіліктен гөрі байлық, шен
мақтанышы қымбатырақ.
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды.
Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады.