2-тапсырма. Мәтіннен 4 есімдік теріп жаз, олардың түрін белгіле. 4 ұпай. Қуат көздері әртүрлі болады. ХХІ ғасырды электр құрылғыларысыз (компьютер, теледидар, телефон, тұрмыстық техника) елестете алмаймыз. Адамның өмір сүруі үшін керекті қуат көзінің бірі – электр энергиясы. Жыл сайын оған деген сұраным артып келеді. Электр энергиясын өндіру үшін күніне мыңдаған тонна көмір мен мұнай жағылады. Мұндай отынның табиғатқа зияны өте көп.
Баламалы энергетика дегеніміз - қоршаған ортаға тигізетін зияны өте аз, шығыны жоқ, үнемді пайдалануға тиімді энергетика. Ол жеңіл өндіріледі. Бұл "сарқылмайтын энергия". Оның экономикалық және экологиялық артықшылықтары көп. Баламалы энергетикаға жел энергиясы, биогаз, найзағай энергиясы, су энергиясы, ғарыштық энергия жатады.
Қазір бүкіл әлем энергия өндірудің жаңа әдісі мен үнемдеу жолын іздестіріп жатыр. 2017 жылы Астана қаласында «Болашақ энергиясы» деген тақырыппен «ЭКСПО-2017» көрмесі өтті. Көрмеде энергия өндірудің тиімді, арзан, табиғатқа зияны аз болатын жаңа технологиялары көрсетілді. Баламалы энергия- болашақтың энергиясы!
вокальдық музыка — музыка аспабының сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз жеке әншіге, хорға арналып жазылған музыкалық шығармалар. ірі жанрлары — музыка-драмалық шығармалар, оратория, орта жанрлары — кантата, вокалды цикл, литургия, хор концерті, кіші жанрлары — вокалды миниатюра (ән, романс). кейде дауысы оркестрлік музыкаға үлесіп айтылады (мысалы, петр ильич чайковскийдің «щелкунчик»-те). вокалды музыканың жанрлары: ораториалды
камералы
оперетта
джаз
вокалдық музыкаға халық әндері, жырлары, классиктері мен қазіргі композиторларының ән-хорлары жатады. вокальдық музыка, негізінде, халық арасынан шыққан. бұған біржан-сал, мұхит, абай, ақан сері, жаяу мұсаның әндері кепіл[1].
рок-музыка (ағылш. rock — теңселу, сілкіну) — қазіргі замандағы поп-музыка саласы. рок-музыка негізін солтүстік американың халықтық фольклоры — рок-н-ролл және кантри құрайды. рок-музыка алғаш 1950 — 60 ж. ұлыбритания және ақш-та қалыптасқан. рок-музыканың танымал өкілдері — “битлз”, “роллинг стоунз”, “лед зеппелин”, “пинк флойд” сияқты музыкалық ансамбльдер. рок-музыканың негізгі белгілері: блюздік композициялық құрылымдар, қысқа ангемитондық ырғақ, дыбысты электрлік және электрондық аспаптармен күшейту арқылы әсерлілігін арттыру. рок-музыка жастар субмәдениетінің бір бөлігі болып саналған. оның ішкі өзіндік белгілері мен ерекшеліктеріне байланысты бірқатар ағымдар дараланады. мысалы, әлеуметтік-мәдени қозғалыстарға қатысты (“хиппи”, “панк рок”, т. жас ерекшелігіне байланысты (ересектерге, жасөспірімдерге арналған), екпін мен белсенділігіне (“ауыр рок”, “жеңіл рок”) және техникалық жабдықталуына қарай (“афро-рок”, “барокко-рок”, “джаз-рок”, т. көркем мәдениет жүйесіндегі орны бойынша (коммерциялық “поп-рок”, элитарлық “рок-авангард”), т.б. рок мәдениеті үшін музыканттардың жүріс-тұрысы, киім киісі, рок-шоуды безендіру, бейнеклиптерді шығару сияқты сыртқы көрініс факторлары маңызды рөл атқарады. тмд елдерінде рок-музыка 1965 — 80 ж. бірқатар әуесқой топтар құрылды. сондай-ақ кәсіпқой-сазгерлердің (а.г. шнитке, э.н. артемьев) назарына іліккен жанр элементтері кең стильдік контексте қолданылды. кейінгі жылдары рок-музыка батыс елдерінде тек өнер түрі ретінде қабылданады. [1]
домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. ол — қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, -зіндік музыкалық сипаты бар аспап. алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма — күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. домбыра — қазақтың халық аспабы. домбыра -қазақ халқының әрбір үйінде болуы міндетті және қажетті аспап болып есептелген.