Өмір, Ех Өмір шірін ғажап тіршілік қой! Бірде күлесің, бірде сүрінесің, құлайсың, шаттанасың, түсініксіз бір күйге енесің, кейде бақыттан басың айналады, ұрысасың, татуласасың, ренжисің. Өмір бізге берілген құдды бір сынақ секілді, аяғыңды кішкене шалт бассаң өмірің құрдымға кетеді, сол себепті әр қадам, әр парақты байыппен, нақты шешім қабылдап басу керек. Кейде барлығы аяқ астынан болып қалады, күліп отырып жылап жібересің, жылап отырып, күліп жібересің.Адал болып өмір сүрсең тағы болмайды, өйткені «қасқырдың аузы жесе де қан жемесе де қан» демекші кінәсізден кінәсіз өтірікші болып шыға келесің. Қазіргі заманда біреуге жақсылық жасасаң, ол өзіңе соны жамандықпен қайтаратын болды.Нақтырақ айтқанда Біз бақытты болу үшін, әрқашан күліп жүру үшін, ана, әке, ата, әже атану үшін жаралған жандармыз. Бұның бәрі Алланың және өздеріңіздің қолдарыңызда!
Менің туған өлкем - Қазақстан Республикасы. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға толы. Еліміздің табиғаты неткен сұлу десеңші! Мөлдір суын, жайқалған жасыл шөбін, асқар тауларын сүйемін. Сонымен қатар, аңдар, мен құстар, жануарлар өмір сүреді. «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» демекші, менің кіндік қаным тамған жер – Асықата. Туған жерімді қатты жақсы көремін. Осындай өлкеде туғаныма мақтан етемін. Туған жерім күннен күнге көркейіп келеді. Әсем ғимараттар бой көтеруде. Бау-бақшасы, таза ауасы, ақ алтын ақ мақтасы, егінді даласы, малға толы өрісі - біздің мақтанышымыз. «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас»- деп, ата-бабаларымыз бекер айтпаған екен ғой. Елімнің кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар
Біз бақытты болу үшін, әрқашан күліп жүру үшін, ана, әке, ата, әже атану үшін жаралған жандармыз. Бұның бәрі Алланың және өздеріңіздің қолдарыңызда!