2-тапсырма. Мәтіннен есімдіктерді теріп жаз. Мен бүгін мектепке бардым. Бұл менің жазғы демалыстан кейін бірінші рет мектепке баруым. Мектепке өзім жалғыз бардым. Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы басталды. Сабақ өте қызықты өтті. Бәрі үй тапсырмасын орындап келіпті. Ешкім жаман баға алған жоқ. Маған қазақ тілі мен әдебиеті өте ұнайды. Сабаққа бар ынтаммен қатысамын. 1 Жіктеу есімдігі ... 2 Сілтеу есімдігі ... 3 Өздік есімдігі ... 4 Жалпылау есімдігі ...
Бағдаршам туралы.
Қалада көлік көп,
Қалада апат көп.
Сақтайтын апаттан,
Тек қана бағдаршам.
Бағдаршам, бағдаршам.
Бағдаршам біледі,
Бәрін де көреді.
Адам да, көлік те,
Сол шаммен жүреді - демекші, бағдаршам көше бойындағы тәртіпті реттеп, түрлі апаттардын алдын алады. Сондықтан балаларды кішкене күнінен бастап бағдаршам мен оның түстерін және көше тәртібі болатынын үйретіп, жолдан өткен кезде абай болу керектігін үнемі айтып отыру қажет. Әсіресе, көше қиылысында көліктер көп болады. Жолдан тек қана бағдаршамның жасыл шамы жанғанда өтіп, ал қызыл шамы жанғанда тоқтап тұру керек. Жолдан өтпес бұрын әуелі сол жаққа қарап, жолдың ортасына келгенде оң жаққа қарап барып өту керек. Жаяу жүргіншілерге арналған жол болса, соны қолданған қауіпсіз.
Матасу – қиысу, меңгеру сияқты синтаксистік байланысу формаларының бір түрі. Ол изафеттік құрылыстағы сөз тіркесінің байланысу формасы: Омарбектің інісі, ағаштың бұтағы, біздің табысымыз. Бұл сөз тіркесінің бірінші сыңарлары ілік жалғауында, екінші сыңарлары тәуелді жалғауларында айтылады.
Матаса байланысқан сөздердің бірінші сыңары ілік септігіндегі жеке сөзден де, бірнеше сөзден де бола береді. Осыған қарай матасу жай матасу және күрделі матасу деп бөлінеді.
Бірінші сыңары ілік септігінде тұрған сөзбен байланысу жай матасу деп аталады. Мысалы: біздің ұжым, сенің кітабың т.б.