2-тапсырма. Мәтіннен тірек сөздерді теріп жаз. Азиада-2011
2011жылдың 30 қаңтар мен 6 ақпан күндері Астана мен Алматы қалаларында өткен 7-ші Қысқы Азиада ойындарын өткізуге Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея сынды Азия елдерінен кейін Қазақстан ғана ие болды. Отызға жуық ел бас қосты. 7-ші Қысқы Азия ойындарында алғаш рет Алау эстафетасы ұйымдастырылып, Олимпиада бағдарламасына сәйкестендіріліп жасалды. Тағы бір ерекшелігі – 7-ші Қысқы Азия ойындарының ашылу салтанаты. Ашылу салтанатына арналған бағдарламаға қазақстандық тарихшылар, музыканттар, әдебиетшілер мен мәдениеттанушылар, кәсіби әртістер қатысты. Астана мен Алматы қалаларында алауы тұтанған 7-ші Қысқы Азия ойындарының бірінші күні-ақ қазақстандықтарға зор қуаныш пен шаттық сыйлады.
Қазақстан құрамасы қоржынына 32 алтын, 21 күміс және17 қола медаль салып, бүкіл әлемге Отанымызды танытты.
найди опорные слова
Қолөнер бұл қолданбалы өнер – дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдарын жасайтын ұсақ өндіріс. Қолөнершілер негізінен табиғи шикізаттарды пайдаланып, қарапайым еңбек құралдарының көмегімен көркем композицияның шешімімен тұрмысқа қажетті мүліктер, музыкалық аспаптар, қару-жарақ, құрал-саймандар жасайды. Әрбір қолөнер туындысы өз заманының материалдық мәдениетінің үлгісі және халық талғамының, әлеуметтік қоғамдық жағдайының, діни сенімінің, салт-дәстүрінің нақтылы көрінісі.
Қазақстанда көшпелі шаруашылықтың қажетіне сай қолөнершілер мал шаруашылығына керекті желі, шылбыр, ноқта, бұршақ, жүген, құрық, бұғалық, тұсау,өре, шідер, кісен, қада, ер-тұрмандар жасаумен шұғылданды. Олар құмнан, тастан, саздан құмыра, көзе, ыдыс-аяқ; мүйізден, сүйектен, мал мен аң терісінен, ағаштан әшекейленген нақышты дүние-мүлік, домбыра, қобыз, сыбызғы, шаңқобыз сияқты музыка аспаптарын; темірден, мыстан қылыш, найза, қанжар, айбалта, күрзі секілді құрал, қару жасады. Қазақ халқының қолөнерінде киіз үй жабдықтарын, ағаш төсек жасау, түйін түю, ши орау, кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу, сондай-ақ моншақ, білезік, сақина, сырға, алқа, шолпы сияқты зергерлік бұйымдар жасау кең дамыды