2-тапсырма. Мәтiндегi үстеу сөздердi мағыналары бойынша топтап жазыңыздар. Бархан бүгiн отарын ерте өргiздi. Қайта күннен-күнге етек алып, өршiп, дәуiрлеп келе жатқан. Елiмiз дербестiк алған соң, шетелдiк әрiптестермен байланыс жылдан-жылға жақсарып, ұлғая түсуде. Сейiтқұлды екi күннiң бiрiнде ауданға, облысқа тiптi анау Алматыға машина жiберiп, шақыртып жатыр. Аудан, облыс, өлке басшыларымен емiн-еркiн сөйлесiп, тiлек-тапсырмамызды бiрден айта беретiнбiз. – Не көрсем бiрге көргенiм рас. Солайша жауап бердi Қалқаманға, Бұл сөзi байқалмады басқа жанға. Iртiк-iркiссiз бiреу таң атқанша қолымен әдейi жаймалап шыққандай қаланың үстiн тұтас көмкерiп, көкжиектiң де қай тұста екенiн байқатпай балшықша сылап жiберiптi. Кезiнде қойды қорасымен, сиырды табынымен, жылқыны үйiрiмен айдап кетушi едi, әттең жылдан-жылға мал азайып, құрыққа қарымды ештеме iлiнбей жатыр. Темiр тордан босаған отар «әрiптестерiнiң» оттауға бағана өрiп кеткенi жындарына әбден тиген болуға керек, алды-арттарына қарамай, боздатып барады-ай. Бұл бiр қарағанда көп уақыт көрiнгенiмен, үлкен тарихи өлшеммен алғанда қас-қағым ғана сәт. Орыс тiлiн шала- пұла ұғатын бiр жауапкер жартысы қазақша, жартысы орысша:
Шоқан (Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов – XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің алғашқы және талантты өкілдерінің бірі. Қазақтың әр алуан ғылым көкжиегінде өшпес із қалдырған мәңгі жарық жұлдыздар шыңында қазақ ұлтының абзал перзенті Шоқан Уәлиханов бар. Оның философия, этнография, тарих, экономика, фольклор, әдебиет теориясы жайлы құнды-құнды еңбектері мен пікірлері ұлттың тұтас құндылығына бағалауға тұрарлық шығармалар. Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде туған. Жасында ауыл мектебінен мұсылманша хат таныған Шоқан кейін орыс мектебі тәрбиесінде өскен.
Еңбек туралы - дана қазақта нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер көп. Еңбек туралы айтқандардың бәрі шын. Мысалы: " Еңбек етсең ерінбей ,тояды қарның тіленбей" .Айтып тұрғандай еңбектеніп оқып, білім алым, білікті маман болып жұмыс жасасаң ғана ,оның қызығын көріп, бар керегіңе жаратасың. Қазіргі таңда өз еңбегімен көтерілген бизнесмен кәсіпкерлерді көріп қызасың.Біреудің еңбегін пайдаланып жүргендерді де айтпай кетпеске болмас.Ондай қылық ешкімге таза пайда әкелмес. Өзіңді еңбекққор қылғың келсе, қазірден бастап телефонмен ойнап жата бергенше, үй ішінде болсын, сыртта болсын бір пайлады іс үйреніп,еңбектеніп жатсаң, еңбек-бәрін жеңері сөзсіз.