2-тапсырма «Мен ғылымның ең қажетті соңғы жетістігімін. Адамдарға ең қажеттісі - менмін» («Я -последнее достижение науки.Человеку самый необходимый –это я») тақырыбында 60-80 сөзден тұратын хат жазыңыз. Хатта берілген оқшау сөздерді қолданыңыз.
РАФТ тәсілі Р - рөлі – ұялы телефон А – аудиториясы - адамзат Ф - формасы - хат Т - тақырыбы - Мен ең қажетті ғылымның соңғы жетістігімін. Адамдарға ең қажетті менмін ...
Оқшау сөздер Біріншіден, екіншіден, менің ойымша, қысқасы, тіпті, сонымен қатар, т.б.
Дескриптор Білім алушы - берілген тақырып бойынша хат жазады; - хат құрылымын сақтайды; - күрделі сөздерді дұрыс жазады; - оқшау сөздерді қолданады; - оқшау сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қояды; - хаттағы сөз саны нормаға сай; -саутты ,қатесіз жазады
Теледидар — телехабарбағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радиосигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар түрлі түсті, ақаласықара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады. Теледидардың негізгі ерекшелігі бейне мен сүйемелдеуші дыбыс радиосигналдарын бір уақытта күшейту және түрлендіруезі теледидар әдетте супергетеродинді сұлба бойынша құрастырылады. Оның нұсқалары сүйемелдеуші дыбыс сигналдарынкүшейту және бөлу әдістері бойынша бөлінеді. 20 ғасырдың соңында ертеден қолданылып келген кинескоптытеледидарлардың орнын сұйық кристалды, плазмалы теледидарлар басты. Сұйық кристалды теледидарлар кескін айқындылығының, сапасының жоғарылығы бойынша қолданыстағы теледидарлардың ең озық түрі болып саналады.
Теледидар(телевизор) –(латын тілінен аударғанда «алыстан көруші») сурет, дыбыс және видеоны желісіз көретін электронды құрылғы. Ең алғаш теледидардың пайда болуына ХІХ ғасырда Паповтың жасаған радиосы себеп болды. Теледидар(телевизор) бірден пайда бола қойған жоқ. Ең алдымен 1884 жылы неміс өнертапқышы Пауль Нипков «Нипков дискісін»ойлап тапты, бұл механикалық телевиденияның негізі болды. Кейін 1906 жылы 10 қазанда Карл Фердинанд Браунның оқушысы өнертапқыш Макс Дикманн мен Г. Глаге сурет жіберетін Браун түтікшесін ойлап тапты. 1930 жылы А.П.Константинов және 1931 жылы С.И.Катаев сигналды видео сурет ойлап тапты. Теледидардың негізін 1933 жылы АҚШ-та тұратын 11 сынып оқитын Ресей инженері В.К.Зворыкин ең алғаш видеосигналды ойлап тапты. 1934 жылы дәл осындай түтікше КСРО-да Б.В.Круссер мен Н.М.Романовтардың арқасында пайда болды. Мұны да толық теледидардың пайда болуы деп айта алмаймыз. КСРО-дағы ең алғаш теледидар «КВН-49» 1949 жылы ойлап табылды. 1947 жылы АҚШ-та 180 мыңға жуық теледидар болған. Ал 1953 жылы олардың саны 28 млн-ға жетті. Осылайша теледидар(телевизор) жасалған.