В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Didasret
Didasret
20.11.2020 02:09 •  Қазақ тiлi

2-тапсырма музыка-жүрек тілі тақырыбына эссе жазу​

Показать ответ
Ответ:
gameralphac
gameralphac
14.12.2020 11:30

Музыка- жүрек тілі Музыка адам жанын тебірентетін, ерекше күй кештіретін, көңіл-күй сыйлайтын өзге әлем. Ол тап бір жәннат секілді. Өте әдемі әрі әуезді. Ол әлемге барғанда сен мол бақытқа кенелесің, өмірді басқалай сезінесің, дүниені басқа қырынан танисың . Бұл оқиғадан сен ерекше әсер аласың. Әдетте музыканы көңілдің кілті деп атайды. Себебі, музыка тыңдаған адамның көңілі лезде көтеріліп, өзін сабырға шақыра бастайды. Музыканың ерекшелігі сондай, ол кез-келген адамның жан-дүниесін, ішкі сұлулығын, жүрегін сезінуге көмектеседі. Ол арқылы біз адамның жүрегіндегі жылулықты, мейірімділікті сезіне аламыз. Музыка- осы әлемдегі ең құдіретті, қасиетті ұғым. Біз оны құдіреттеу арқылы бойымызға жақсы қасиеттерді сіңіре аламыз. Біз музыканы орындаушы арқылы сезінеміз. Орындаушының шеберлігі оның табиғилығы арқылы музыка әуезделе береді. Солай ол тыңдаушылардың жүрегіне жол табады. Ал қазір сол көрерменнің ұнататын әншілері Майра Ілиясова, Бибігүл Төлегенова, Мақпал Жүнісова. Олар музыканың қасиеттілігін, киелілігін білетін жандар. Сахнаның жайнаған гүлдері десек те болады. Міне, музыканы солай бағалап, қастерлеу қажет. Өткен ғасыр әншілері музыканың қасиеттілігін білді. Ал қазіргі заман ше? Қазір өткен ғасырдағыдай мағыналы, кербез әндер бар ма? Әрине жоқ. Себебі, қазір заман өзгерді. Заман өзгерген соң, музыка бағыты да өзгерді. Қазір Қазақстанның өзінде екі адамның біреуі әнші. Оның дауысы бар ма, әнді нақышына келтіріп орындай ала ма оған ешкім мән беріп жатқан жоқ. Тек оның ақшасы болуы керек, әннің мағынасы бар м, жоқ па оған назар аударып жатқан ешкім жоқ. Бүгін әнші, ертең продюсер, бүрсігүні актер болып кететіні де бар. Ал мен оған қарсымын. Музыканың әсемдігі, әуезділігі жойылып кетіп жатыр. Мағынасыз әндерден жас ұрпақтың, әсіресе біз сияқты балалардың ойы төмендеп жатыр. Соларға еліктеп өсіп келе жатырмыз. Бұл деген мүлде дұрыс емес. Музыка атты ерекше әлемді кірлетіп жатқан әншілерді шоу-бизнестен қуу керек. Олардың орнына дәстүрлі әндер орындайтын әншілерді қастерлеп, мемлекеттен ақша бөліп, солардың дамуына үлес қосуымыз керек. Сонда ғана ежелгі музыка қалпына келіп, еліміздің дұрыс қалыптасуына әсер етеді. Негізінен, біз бұл жаман қылықтың бәрін шетелдіктерден үйреніп келе жатырмыз. Олар не істесе біз соны істейміз. Олар шашын бояса, бізде бояп аламыз. Сырға тақса, бізде тағып аламыз. –Біз емес шетел бізге еліктейтіндей халық болуымыз керек. Музыка қазақ халқының ежелден келе жатқан салт- дәстүрі, әдет- ғұрпы.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота