2-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер. Дәлелді. 1. < Жер кіндігі >дегенді қалай түсінесің? 2.Дүниежүзінде қандай атақты сарқырамалар бар? 3.Қазақстанның картасы қарап, Алтайға географиялық сипаттама бер
Жалпы махаббат деген сөздің мағынасы кең.Махаббат деген сүйіспеншілік, ынтызарлық, ғашықтық деген сөздердің баламасы ретінде айтыла береді.Махаббаттың түрі өте көп. Отанға деген махаббат. Бұл сезім адам бойындағы өзінің кіндік қаны тамған жеріне деген тума сезімдердің бірі. Бұл сезімді ештеңемен айырбастай алмайсыз. Қанша алыс шет елдерге кетсеңіз де туған топырағыңызды аңсап, сағынып тұрасыз. Ал Отанын қорғау әрбір азаматтың Отан алдындағы борышы. Бізде, Қазақстан Республикасында 7-мамыр Отан қорғаушылар күні болып аталып өтіледі. Бұл сезімді көбіне елден жырақта жүргенде сезінеміз
Қонақ күту.Қазақ халқы – ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық. Үй иесі бұрын танысын, танымасын «Құдайы қонақпын» десе болды, жылы шыраймен қарсы алып отырған. Халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән берген. Қонақты үй иесі, қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады. Бұл – қонақпен еріп келген «құт» бірге кірсін дегені. Ал қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып шығатын болған. Осы күнгідей қонақтарға есікті ашып, іштен жауап алу деген болған. Келген қонақтармен жөн сұрасқаннан кейін үй иесі қонағына ең жақсы тамақтарын беріп, риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға сусын, қымыз, шұбат, және т.б. беріледі. Содан кейін шай ішіледі.Әдетте шәйді бойжеткен қызға құйдырады.Оның себебі қыз бала келешек шаңырақ иесі, ас иесі болғандықтан жастайынан қонақ күтуді үйрене берсін деген ниет болған.