2-тапсырма. Сөйлемдердегі жалқы есімдерді теріп жазып, емлесін түсіндіріңдер. Оларға дыбыстық талдау жасаңдар.
1. Г.И мен В.Р.Розеннің «Келешекте Сібір ескі жазу-
ларының өз Шампольоні (ескі грек жазуының оқылу кілтін тапқан
ғалым) болуы мүмкін» және оның «күні бүгінге дейін құпия болып
келген жазулардың сыры ашылмай, ХХ ғасырға өтеді дегенге
сенбеймін» деген қағидалары жүзеге асты (Н.Б.). 2. Білге қаған Түркі
мемлекетінің күш-қуатын нығайтуда көп жұмыс атқарды (Қ.Ө.).
3. Түркі тайпалары туралы құнды деректерді өсіресе Батыс Еуропадағы
Византия материалдарынан көбірек кездестіруге болады (М.Ж.).
Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ.
Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды.
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Мұзды бесік таянған, -
да ана, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана. Халықтың халықтығының басты нышаны – туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын да ана. Сондықтан әрбір ұлттың рухани өзегі, қан тамыры болып табылатын тілі – Ана тілі деп аталады.