2-тапсырма. сөйлемдердегі жалқы есімдерді теріп жазып, емлесін түсіндіріңдер.
оларға дыбыстық талдау жасаңдар.
1. г.и мен в.р.розеннің «келешекте сібір ескі жазу-
ларының өз шампольоні (ескі грек жазуының оқылу кілтін тапқан
ғалым) болуы мүмкін» және оның «күні бүгінге дейін құпия болып
келген жазулардың сыры ашылмай, хх ғасырға өтеді дегенге
сенбеймін» деген қағидалары жүзеге асты (н. 2. білге қаған түркі
мемлекетінің күш-қуатын нығайтуда көп жұмыс атқарды (қ.ө
3. түркі тайпалары туралы құнды деректерді әсіресе батыс еуропадағы
византия материалдарынан көбірек кездестіруге болады (м.ж.)
Сонымен қатар аңшылықтың, саятшылықтың ерекше жақсылықтары да бар. Ол кімді болса да салқын сабырға, жан семіртер көңілділікке баулып, ерік күші мен дене күшінің бір-бірімен үйлесім табуына әсер етеді. Сол себептен ата-бабаларымыздың аңшылықты кәсіп ретінде ғана емес, өнер ретінде санауының үлкен мәні бар.
Қазақ арасында аңшылықтың кең тараған танымал түрі - аңды бүркітпен аулау, бүркіт ұстап саятшы болу, аңшылыққа ден қойып, салбурынға шығу.
Халқымыздың арасында жыртқыш құстардың әр түрін қолға үйрету дәстүрі болған. Солардың ішінде ең бір қасиет тұтатын қыраны - бүркіт.
Қазақ аңшылары "Бүркіт" деп жыртқыш құстардың ішіндегі аса тектісін, адам қолына тез үйренуге бейім естісін атаған.