2-тапсырма. сөйлемдерден жалқы есімдерді табыңдар. жалқы есімдердің жазылу
емлесін сақтай отырып, сөйлемдерді көшіріңдер. қосарланған жалқы есімдерді
тауып, оларға фонетикалық талдау жасаңдар.
1. шығыс тянь-шань етегінде құрлықтағы терең қазаншұңқырлар-
дың бірі – турфан ойысы орналасқан (құэ, 9- 2. ертіс-құлынды
жазығы павлодар облысының күңгірт қара қоңыр топырақты ауданын
қамтиды. 3. соколов-сарыбай, қашар кен орындарында темір кені
өндіріледі. 4. тобыл-обағанның жазық даласы батысында орал сырты
үстіртімен, оңтүстігінде торғай қыратымен, шығысында есілдің сол жақ
жағалауымен, солтүстігінде орманды даламен шектеседі. 5. шерубай-
нұра — қарағанды облысының абай ауданы, бұқар жырау аудандары
аумағындағы өзен (қфг).