2-тапсырма. Сіз оқылған мақалаға аннотация дайындамақшысыз. Төмендегі графиктік органайзер негізінде аннотацияның құрылымын ескере отырып, күрделі
жоспар құрыңыз.
Аннотация
«Аннотация» латын тілінен аударғанда «annotatie» «ескертпе» деген мағына
береді, кітаптың, мақаланың мазмұнын, саяси - идеялық бағытын, құндылығын
түсіндіретін қысқаша сипаттама.
І Кіріспе бөлім
ІІ Негізгі бөлім
1.
2.
ІІІ Қорытынды бөлім
Алтын ұямыздағы қайырымдылық жәрмеңкесі.
Тәуелсіздік күні – барша қазақстандықтар үшін айтулы күндердің бірі.Бұл егемендікке ата-бабаларымыз үлкен қажыр-қайраттың,халықтың татулығының арқасында қол жеткізген еді.Міне,бүгінде кең байтақ жерімізде мамыражай өмір сүріп келеміз.Ал еліміз болса күн санап көркеюде.
Тәуелсіздік мерекесіне орай мектебімізде көптеген шаралар өткізілді.Солардың бірі – қайырымдылық жәрмеңкесі.Мен жәрмеңкеден алған әсеріммен,өз ойыммен бөліссем деймін.Ең қызықтысы жәрмеңкеде неше түрлі заттар мен тағамдар сатылды.Яғни,көп салалы болды.Бір бөлігінде халқымыздың ұлттық тағамдары,енді бірінде дүкен сөрелерінен сатып алынып,кейін арзанға сатылып тұрған зиян да болса,оқушылар сүйіп жейтін тағамдар сатылды.Енді бір бөлікте оқушылардың өз қолымен жасаған қолөнер бұйымдары,картиналар, әшекей заттар көздің жауын алып тұрды.Тағы бір жерінде қазақ ақын-жазушыларының төл туындылары мен кітаптары әлдеқайда арзан бағаға сатылымда тұрды.Сонымен қатар мектеп оқушыларына аса қажет оқу және кеңсе құралдары да сатылды.Қоңырау сайын оқушылар да,мұғалімдер мен кіші қызметкерлер де жәрмеңкеге асықты.Үйме-жүйме болған көпшілік бейне бір илеудегі құмырсқалар секілді.Менің пікірімше, жәрмеңкеге ұйымдасқан түрде жоғары деңгейде өтті.Сатушы да,сатып алушы да мәз.Жиналған қаржыны мектеп ұжымы тиімді қолданады деген пікірдемін.Осындай қайрымдылық шаралары көп болғай!
Менің Отаным-керемет ел, Қазақстан Республикасы. Бұл-тарихы бай, ежелгі мәдениеті мен қайталанбас табиғаты бар ұлы мемлекет. Қазақстан жері кең байтақ. Солтүстікте әлі қар жауған кезде, оңтүстігінде таулардың етегінде жеміс ағаштары гүлдейді. Солтүстіктің "Қайыңды шыңдары", Бурабайдың құдіретті қарағайлары, тың өлкенің алтын нивалары, Ұлы даланың сұр шөбі, Алатау мен Тянь-Шаньның биік таулары – Менің Қазақстаным.
Қазақстанның әрбір азаматы тәуелсіздік алған 1991 жылдың 16 желтоқсанын еске алып, ұмытпайды. Осы күннен бастап отыз жыл өтті. Бұл бүкіл Қазақстанда мерекелейтін оқиға. Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап өткендей: "Үш онжылдық: бұрын тұтас бір ғасыр бойы орындала алмаған көптеген нақты істер мен жетістіктерге жеттік, Отанымыздың тағдырына жол ашқандардың бәрінің мерейтойы". Шынында да, бұл жай ғана мереке емес, Қазақстанда тұратын барлық халықтардың еңбекқорлығы мен достығының нәтижесі. Мен өз Отаныма отбасым, достарым және бейбітшілік аспан үшін ризамын.
Объяснение: