В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Ychi1ka
Ychi1ka
08.10.2020 05:56 •  Қазақ тiлi

2 тапсырма сөздерді пайданалып, суретті сипаттап айт

Показать ответ
Ответ:
nataliyadydina
nataliyadydina
01.02.2023 08:16

29 июля (10 августа) 1845 родился великий казахский поэт-просветитель Ибрагим Кунанбаев, известный в литературе под псевдонимом Абай.

бай (Ибраһим) Құнанбаев.  

 

(1845-1904)  

 

Абай қазақтың ұлы ақыны, композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, оның алғашқы классигі.  

 

Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы бай, би және қазақ руларының ішіндегі беделді адамдардың бірі болған. Құнанбай Қарқаралы дуанының аға сұлтаны болған.  

 

Құнанбай діншіл болған. Мұсылман дінінің ықпалын күшейту мақсатын көздеп Орта Азияның діндар қожаларын, татар молдаларын қарамағындағы ауылдарға таратқан. Олардың балаларын мұсылманша оқытқан. Өз ауылында Ғабитқан деген молданы ұстап, Абайды да оқытқан. Абайдың сабаққа зеректігін байқаған соң, әкесі Семей қаласындағы мұсылман имамы Ахмет Ризаның медресесіне берген. Ол дін сабақтарына тарих, поэзия, математика, философия сияқты дүние тану пәндерін араластыра оқытуды қажет көретін ағымның бағытын ұстаған адам болған. Абай бұл медреседе 4 жыл оқыған кезінде араб, иран және Орта Азия әдебиеті классиктерінің шығармаларымен жақсы танысады. Өзі үлгілерінен үйренген. Абайдың жазу жұмысында үлгі еткені 19-шы ғасырдағы орыс әдебиеті болған. Абай Семейдегі медреседен кетер алдында үш айдай орысша оқыған, осы тілде аздап жаза және сөйлей білген. Еліне қайтқаннан кейін де Семеймен қатынасын үзбеген. Семейге саяси көзқарастары үшін жер аударылған, орыс оқымыстылары Н. И. Долгополов және Е. П. Михаэлиспен танысып, орысша білімін терендете түсуге жәрдем алған. Абай Семейге келіп, айлап жатып Гоголь атындағы кітапханадан көп кітаптар оқыған және ауылына да алып кетіп оқитын болған.  

 

Абай дүние жүзінің басқа да ғалымдары мен жазушыларының еңбектерін оқиды. Мысалы, Ежелгі Грецияның атақты ғалымы Аристотельдің философиялық және әдеби шығармаларымен толық танысқан. Атақты данышпан Сократтың да шығармасын бәлген.  

 

Абай В. Г. Белинскийдің еңбектерін ұнатып оқыған. А. С. Пушкин шығармаларын оқып, үлгіге тартқан.  

 

«Евгений Онегин» романынан үзінділер аударды «Амал жоқ, қайттым білдірмей» / «Татьяна хатына» / әнін шығарды. Сондай-ақ И. А. Крылов, М. Ю. Лермонтов, И. Гете шығармаларынан да аударды.  

 

Абай қазақтың ән-күй творчествосын жете білген. Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет, Жаяу Мұса сынды халық композиторларын ерекше бағалаған. Өзі «Айттым сәлем қаламқас» , «Сұрғылт тұман» , «Қараңғы түнде тау қалғып» тағы басқа әндер шығарған.  

 

Абай «Атаның баласы болма, а бол» деп, жалпы адамзатты түгел сүйетін, гуманизм биігіне шақырады.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
vladusha2
vladusha2
01.02.2023 08:16
Абай (1845—1904) — ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Азан шақырып қойған аты — Ибраһим.

Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысы ның Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірінен туған. Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі ұлжан орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.

Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Сондықтан да ол абайды медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болады. Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. Орыс әдебиетімен танысуы көп ықпал етеді.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота