2-тапсырма. Шығарма эпизодтарын оқып,эпизодтар мен кейіпкер бейнесін сәйкестендір. 1) "Оқ атпа" дегенде тапсырманы
орындап болғанша оқ атпау керек.
Енді лагерьге жақындап келіп қалғанда
несіне қауіптенеміз. Өздерін атпай
киімдері мен қаруларын алып кетсек, а) Борис байқампаз
анадағыдай партизандар бізге күледі ғой.
Мас полицайды қолын артына байлап алып
Барғанымызда "Борис пен Сережа мас боп
ұйықтап жатқан жауға батыр" деп күлгені
қайда. Онан да екеуін судан шығармай атып кетейік.
2) Серік Бористің беліндегі пистолетті көріп,
қуанып кетті. "Біреуінің белбеуінде екен. ә) Борис кекшіл
Демек, бұлардың бірі-офицер",-деп сыбырлады.
3) "Ұлтшылдар ғой, жайбарақат рақаттанып б) Серік намысшыл
жүргендерін қарашы, жұрттың бәрі қолдарына
қару ұстап күреске шыққанда!"
4) Олар бізге қарсы соғысып жүрген жоқ па, в) Серік кекшіл
қайта, менің мына қолымды жаралаған осылар ғой!
Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз.
Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты XX ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Ресейдің балуандар тобында Қажымұқаннан күші асқан ешкім болмағанын да айтуға тиіспіз. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз ерлік еді. Ол кезде империяның буына семірген Ресей күресінің қожайындары қазақты шын мәнінде менсінбеуші еді. Қажымұқан сондай ортада намысын жатқа берген жоқ. Кеудесін ешкімге бастырмады. Күрес қожайындарының, төрешілердің сан мәрте әділетсіздігіне белі бүгілмеді, еңсесі түспеді.
Геннадий Головкин
Геннадий Головкин 1982 жылы сәуірдің сегізі күні Қарағанды қаласы, Майқұдық ауданында туылған. Кәсіпқой боксшы, орта салмақта өнер көрсетеді. The Ring журналына сәйкес P4P салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшылардың ондығына кіреді.
Геннадий - Қазақстанды бокс әлемінде барша жер жүзіне танытқан спортшы. Бүгінде ол АҚШ елінде тұрады. Генаның күліп тұрған суреттеріне қарап, шет елдік БАҚ "Бір кездері сіздер көрген ең бақытты қаныішер" деп жазған.
Сәбина Алтынбекова
Сабина Ақтөбеде 1996 жылдың 5 қарашасында дүниеге келген. Тайбэйде өткен қыздар арасында волейболдан 17-ші Азия чемпионатында ең сұлу волейболшы атанды.
Тайван, Жапония және басқа да көптеген азиялық телеарналар Сабина туралы репортаждар түсірді, ал интернетте көптеген роликтер пайда болды.
Объяснение:
Қазақтар жайлы...
Д.У. Уарделл, ағылшын инженері:
Қазақтар – ержүрек, еріндікті сүйетін халық. Бірақ өзге көшпенділер сияқты елгезектеу. Олар достарына ақкөңіл де, қонақжай, алайда жауларына аяусыз. Оларға табиғат шешендік пен әзіл-мысқыл сезімін молынан сыйлаған. Ұлға үлкенді құрметтеу, әкеге әкелік борышын сезіне білу қасиеті тән.
Юджин Скайлер, американдық дипломат, ғалым:
Қырғыздар (қазақтар) басқа да азияттық халықтарға қарағанда бейне бір бала мінезділігімен ерекшеленеді. Олармен өте жақын танысқаннан кейін қырғыздарды (қазақтарды) құрметтемеуге, жақсы көрмеуге ешқандай шараң қалмайды. Орта Азияда тұрған барлық адамдар - қырғыздар (қазақтар) басқа тайпалардан жоғары тұр деген пікір айтады.
Э.С. Вульорсон:
Қазақ сияқты ән мен жырды қастерлейтін халықты табу қиын. Кең жазирада жүйткіп жүретін бұл халық бір ауылға келгенін әнмен білдіреді. Қуаныш-қайғысының бәрі әнмен өріледі. Әншілерін өте жоғары бағалайды. Ерлерден әйелдер де қалыспайды. Киргизы. М., 1901
Адольф Янушкевич, поляк зерттеушісі:
...Қазақтардың ойлау қабілетінің кереметтігіне барған сайын көзім жетті. Әр қазақ өз шаруасын жете түсіндіреді. Бірнеше күн бұрын өзара дауласқан екі партияның қақтығысына куә болдым. Сонда Демосфен мен Цицерон жайлы өмірі естімеген шешендерге таң қалып, қол соққанмын. Сонда бұлар тағы, жабайы болғаны ма? Жо-жоқ, Имандай шыным! Тәңірім бойына осынша қабілет дарытқан халық өркениетке жат болып қалуы мүмкін емес. Дневник и письма из путешествия по казахским степям.
Каруц Рихард, неміс этнографы:
...Маңғышлақ – балалардың нағыз жұмағы. Бұл ұлан далада шүпірлеген қазақ баласы құрбы-құрдас, ойнайтын жер, ата-ана мейірімінен кенде емес. Мұнда "бала дәуірі" үшін әлек болудың қажеті жоқ, мұнда мыңдаған жылдардан бері баланың өзі би, өзі қожа. Бала есейе келе көшпелі тұрмыстың қатаң шындығы оған өз талабын қоя бастайды. Ол ертеңгісін тезек теріп, кішкентай баланы көтеріп ойнату, құдықтан су тасып мал суару, қой сауу т.б. жұмыстарға көмектеседі. Ол атқа мінуге ерте үйренеді. Среди киргизов и туркмен на Мангышлаке.
Генрих Клапрот, қытайтанушы ғалым:
1806 жылдың күзі мен жазында Ертістің жоғары ағысын бойлап, төменгі Зайсан нұр көліне дейін барған саяхат кезінде күн сайын қазақтарды кезіктірдім. Аздап түркі тілін білетіндігім Орта жүз қазақтарымен сөйлесуіме септігін тигізді. Кейінірек басқа екі жүздің қазақтарымен кездескенімде олардың диалектісіз, бір тілде сөйлейтіндеріне көзім жетті. Қазақ тілі олардың түркі халқы екенін дәлелдейді. 1825 жыл. Париждегі «Азия» журналына француз тілінде жарияланған мақаласынан.
Элизе Рекло, француз географы:
Бүкіл еуропалық Ресейдің көлеміндей жерді Еділ жағалауынан Тарым алқабына дейін, Амударияның аяғынан Ертіске дейінгі өңірді алып жатқан қазақ ұлтын бөгде әскерлерге ұшырамаған ең таза түрік нәсіліне жатқызуға болады. Олар жақыннан қыз алыспайтын эгзогамистерге жатады. Земля и люди. Азиятская Россия
Объяснение: