Жаз - төрт мезгілдің бірі. Жаз айлары өте ыстық, әсіресе шілде айы. Балалар демалысқа шығып, қуанып, асыр салып достарымен таңнан кешке дейін ойнайды. Ал кейбірі жүктерін жинап, алыстағы туыстарына жол тартады. Жазда күн астында жүріп-ақ қарайып кетесің. Мен өзім Қызылорда облысының тұрғынымын. Қызылордада жаз өте ыстық болады. Арасында жаңбыр да жауып тұрады. Жаз мезгілінде егін егіп, бақшаның жұмысымен жүресің. Не ексең, соны орасың дегендей, қалай еңбектенсең, егіндерін жемісін береді. Әрине, біздің көп жейтін жемістеріміз қауын-қарбыз. Біз оларсыз жазды өткізе алмаймыз. Жаз мезгілінде алыстан құстар ұшып келеді, олар да шуласып, аспанда шыр-көбелек айналып жүреді. Сайраған бұлбұлдар, қаңқылдаған қаздар, тақылдаған тоқылдақтар осының бәрі жаздың сәні демейме?! Бақшамызда түрлі гүлдер бүршік жарып, гүлдерін ашуда, оларға бәйшешек, қызғалдақ, сарғалдақты және т.б. жатқызамыз. Міне, осылай жазда өтіп кетеді. Әне-міне дегенше, күзде келіп, балалар да сабақтарына жол тартады
Мен тәуелсіз мемлекеттің ұрпағымын. Мен елім егеменді Қазақстан. Бұл бір бейбіт ел. Сан ұлтты халықтардың Отаны. Мемлекетімізде болашақ ұрпақтың саналы, салауатты білім алып, өсіп, жетілуіне барлық жағдай жасалған. Елімізде ішкі, сыртқы саясатқа, экономикамыздың дамуына қатты көңіл бөлінген. Әлемдік деңгейде өзіндік орны бар, мәртебесі зор елміз. Еліміздің астанасының Алматыдан көшкеніне де, Елорда-Астана деген атқа ие болғанына да біраз уақыт өтті.Енді ол аты тағы да өзгеріп, Елбасының құрметіне сол кісінің есімімен аталды.
Біздің еліміз көркейіп, өсіп, өркендеуде. Біз еліміздің бұдан былай да дамуына, гүлденуіне өз үлесімізді қосамыз. Ел тыныштығын қалаймыз.
Бейбітшілікті, бақытты өмірді, жалғастырушымыз. Жақсы дәстүрлерді сақтау, келер ұрпақтарға жеткізу біздің міндетіміз.

Объяснение: