ОбъясненГенрих Гейне (13.12.1797, Германия, Дюссельдорф — 17.2.1856, Франция, Париж) — неміс ақыны, публицист, сыншы.
Орташа дәулеті бар еврей отбасында дүниеге келген. ГЕЙНЕ Берлин ун-тінің заң ф-тінде оқығанымен, филология мен философия ф-ттерінде өз қалауымен лекцияларға барып қатысқан (1819 — 25).
Шығармалары 1820 жылдан жариялана бастады. 1827 ж. жарық көрген “Өлеңдер кітабында” халық әндерінің әуендік, ырғақтық ерекшелігін дәл танып, оны жаңашылдықпен дамыта білді. Халық әндері негізінде жазылған өлеңдеріне саяси және әлеум. астар, өзгеше өрнекпен өң береді. “Сапар суреттері” (1831) атты прозалық туындысында Германияның ауыр кезеңі, халықтың жағдайының төмендігі, заңсыздық пен ғылымның өмірден алшақтығы бейнеленген.
Александр Сергеевич Пушкин (6 маусым 1799, Мәскеу, Ресей — 10 ақпан 1837, Санкт-Петербург, Ресей) — Ресей ақыны, классикалық орыс әдебиетінің негізін салушы.
Александр Сергеевич Пушкиннің өмірі мен өнерпаздық жолы азаттық, адамгершілік идеялары үшін аянбай күресу жолы болды. Сөз өнерін дәуірінің озат тілек-мақсаттарымен ұштастыра білуі оған әдебиетте тың жол табуға, бүкіл елдің, орыс халқының әдебиетін жаңа арнаға бұрып, әдебиетті жаңаша тұрғыда дамытып, өркендетуіне мүмкіндік берді. Александр Сергеевич Пушкиннің шығармашылығы бір жарым ғасырға созылған орыстың ұлттық әдебиетінің қалыптасу кезеңін аяқтады.
Александр Сергеевич Пушкин 1799 жылы 6 маусымда Мәскеуде дүниеге келген. Ол дворян отбасында туылып, балалық шағын Мәскеуде өткізген.
12 жасынан Царское селода (қазіргі Пушкин қаласы) лицейде оқып, ақындық шеберлігін шыңдай түсті. Лицейді аяқтаған соң Петербургке қоныс аударып, әдеби-қоғамдық өмірге белсене араласты.