2-тапсырма. Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді
берілген сөздермен бастаңыз.
Мысалы:Наурыз мерекесі әлемнің ең көне мерекелерінің бірі болып саналады.
Көне мерекелердің бірі
Жауабы:Көне мерекелердің бірі дүниежүзі бойынша Наурыз мерекесі екен.
1. Бұл мереке Орта Азия халықтарында мыңдаған жылдар бойы тойланып келеді.
Орта Азия халықтарында
2. Парсының ≪нау≫ сөзі әр түрлі өзгерістерге ұшыраса да, мағынасы көп халықтың тілінде
сақталған.
Әр түрлі өзгерістерге
3. Шығыс жыл санағы бойынша, бұл мереке ирандықтардың жаңа жылы- Наврузға жақын.
Бұл мереке
4. Қазақтардың Наурызды тойлау тарихын ұлы ақын Абай өзінің ≪Біраз сөз қазақтың
қайдан шыққаны туралы≫ жазбасында көшпелі халықтардың тарихымен ұштастырады
≪Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы≫ жазбасында
5. Шығыс халықтарының Наурыз мерекесін қалай тойлағаны туралы деректер көп
Наурыз мерекесін
6. Жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжаған.
Болашақты
7. Үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – ≪күн символын≫ салған.
Күн символын
8. Наурыздың дәстүрлі тағамы ≪Наурыз көже≫ туралы деректер өте көп.
Наурыз көже
9. Қазақстанда Наурыз мерекесі 1988 жылдан бері қайта жаңғырып,халық болып тойлау
дәстүрі өз жалғасын тапты.
Наурыз мерекесі
10. Сан ғасырлық парасат пен еңбектің нәтижесінде қалыптасқан Наурыз мерекесі
халықтың жарқын болашағының кепілі болып қала береді.
Наурыз мерекесі
Күйші туралы.
Күйші дегеніміз - ұлттық аспапта (домбыра, қобыз, сыбызғыда) күй орындаушы. Күйші дегенде алдымен есімізге Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нұрпейісова, Дәулеткерей, Тәттімбет секілді атақты күйшілеріміз оралатыны сөзсіз.
Жалпы күй өнері қазақ халқына ғана тән өзіндік орындау мәнері бар өнер түрі. Күйшілер халықтың мұң - мұқтажын, арман - тілегін, өмірін , салт - дәстүрін ұлттық аспаптар арқылы көрсетіп отырған. Күйлердің тақырыптары да әр алуан болып келеді.
Бұрынғы кездері күйшілер күйлерді өздері шығарып, өздері халық арасында таратып отырған. Күйлер қобыз, домбыра, асатаяқ, шаңқобыз, дауылпаз, жетіген секілді ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен орындалады.
Күйдің әуендік құрылысы мен ырғақтық - орындаушылық әдістері сан алуан болады. Мысалы, Құрманғазы күйлері екпінді, жігерлі келсе, Дәулеткерейдің күйлері терең толғауға, романтикалық лирикаға негізделген; Тәттімбеттің күйлері әуені әсем, тәтті мұң мен қоңыр сазға толы болса, Қазанғаптың күйлері құбылмалы, ойнақы, төкпе жыр іспетті болып келеді. Күйлер орындаушылық дәстүріне, қағыс түріне қарай, негізінен, екі стильдік мектепке - төкпе және шертпе күй мектептеріне бөлінеді.
Апа сəлеметсіз бе?
Бабушка
Сəлеметпіз құлыным, жай келдің бе?
Внук
Апа бүгін сабақта наурыз көже туралы тақырып өттік.
Бабушка
Сосын
Внук
Үйге тапсырма берді?
Бабушка
Ал қандай айта ғой?
Внук
Наурызкөже қалай дайындалады және не керек,
Қашан болады? Деді мұғалім
Бабушка
Балам 21-22 наурыз мейрамын өткізеді
Внук
Жаздым апа рахмет
Бабушка
Жəне наурызкөжеге
7 тағам керек
Внук
Апа менің сыныптастарым 9 тағам керек дейді
Бабушка
9 да болады 7 де болады бірақ 7 деген киелі сан сондықтан да 7 тағам қосады
Внук
Апа жарайды 7 деп жазамын
Бабушка
Ия солай жаза ғой құлыным,
ал дайындалу себебі жылқының етінен сорпа дайындайды
Внук
Жаздым апа рахмет
Ертең 5-тік алатын болдым